Бестөбедегі алтын кенішіне рұқсат берілмеуі мүмкін
Ақмола облысындағы Бестөбе ауылы маңында алтын кенішінің жұмысына мүлдем рұқсат болмауы мүмкін. Себебі, тұрғындар қарсы болса, қандай да бір барлау жұмысы жайында әңгіме болмауы керек.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
10.06.2020
Бұл жөнінде Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мәлімдеп отыр. Бестөбе ауылының тұрғындары заңсыз алтын өндірісіне әрі экологиялық ахуалға шағымданған болатын. Экология комитетінен белгілі болғаны, қандай да бір елді мекеннің жанында кен өндірісі басталмас бұрын, қоғамдық тыңдау өткізу басты шарт. Ал Бестөбедегі ашық кеніштің жұмысына қатысты тыңдауда тұрғындар бірауыздан қарсылық білдірген. Соған қарамастан жұмыс басталғанын тілшілеріміз көріп қайтқан еді. Қазіргі уақытта Ақмола облыстық Экология департаменті тексеріс жұмыстарын бастады.
Зұлфұқар Жолдасов, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:
- Жерасты байлықтарын ашық әдіспен өндіру шахталық жолмен игеруге қарағанда экологиялық ахуалға анағұрлым кері әсерін тигізеді. Айта кетейін, егер бұл жоба экологияға, соның ішінде су мен ауаны ластайтыны дәлелденсе, онда алтын өндірісіне рұқсат болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!