{metadescription}
Жандарбек Бекшин: Тоннель орнату міндетті емес
Жандарбек Бекшин: Тоннель орнату міндетті емес

Жандарбек Бекшин: Тоннель орнату міндетті емес

Тоннель орнату міндетті емес. Алматының бас санитар дәрігері қоғамдық орындар мен медициналық мекемелердің кіре берісінде тұруы тиіс дезинфекциялық дәлізге қатысты түсініктеме берді. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, оны орнатуды ешкім міндеттемеген. Бұл тек ұсыныс қана. Яғни көпшілік жиналатын орындарға залалсыздандыру өткелін қоймағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Әйтсе де елімізде аталмыш құрылғыны жасап шығаратындар күрт көбейгені байқалуда.

Індеттен қорғанудың ең басты шарты – санитарлық талапты сақтау. Бетперде киіп, қолды залалсыздандырудың қатарына дезинфекциялық қондырғы да кіреді. Бұл қоғамдық орындар мен медициналық мекемелердің кіреберісіне қойылған. Тоннелден өткенде адамның үстіне түгелдей шашылатын арнайы ерітінді қауіпті вирусты жойып жібереді екен.

Сауда орталығының қызметкерлері мен өзге де келушілер ғимаратқа осы тоннель арқылы өтеді. Бұл залалсыздандыру дәлізін қалалық бас санитардың талабына сәйкес нысанның қайта жұмысын жалғастыруға рұқсат берілген күні-ақ орнатқан.

Евгения Годунова, сауда орталығының әкімшісі:

Біз Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің талабымен келушілердің барлығын залалсыздандыруымыз керек. Сол үшін осы дезинфекциялық тоннелдерді орнаттық. Бұл 250 мың теңгеге, рұқсаты бар арнайы компаниядан сатып алынды. Бүгінге дейін келушілердің ешқайсысы тоннельден өтуге қарсылық білдірген емес.

Тазалық дәлізі тікелей 50 литрлік бөшкеге жалғанған. Құрамында антисептикалық арнайы қоспалар бар. Бағасы – 50 мың теңге. Біреуінің бір күнге жететінін айтады. Киімге және адам ағзасына тигізер зияны жоқ. Ал қаланың бас санитар дәрігері көпшілік орындарға бұл тоннельді қою міндеттелмегенін айтты. «Тек ұсынған едік» - дейді ол.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Бұл дезинфекция туннельдерді ең ірі нысандарға қаулымен ұсыныс бергенбіз. Бірақ бұл міндетті түрде емес. Ең бірінші 20 мың шаршы метрден астам сауда нысандарының кіреберістеріне, паркингтеріне ұсынылған. Бұл тәжірибе бізге шетелден келді.

Еліміздің өзге қалаларынан да бұл санитарлық дәлізге сұраныс артқан. Сөйтіп отандық кәсіпкерлер карантин кезінде бірі бетперде тіксе, енді бірі дезинфекциялық құрылғыны жасап шығарып, табыс көзіне айналдырып үлгеріпті. 

Наталья Высотина, инженер технолог:

Біз мұндай тоннельдерді инфекцияның таралу қаупі асқынған кезде, яғни наурыз айында жасай бастадық. Қазір қаладағы супермаркет, ұлттық бірыңғай тест тапсырғалы жатқан мектептер тапсырыс беруде. Күніне 5 данасын шығарамыз. Бұл көпшілік жиналатын орындарға аса қажет деп есептейміз.

Ақтөбелік кәсіпкер де залалсыздандыру қондырғысының коронавирустан қорғайтынын айтады. Құрылғы ішінде автоматты түрде сорғылау моторы іске қосылып, сұйықтық бүркіледі. Тамшылардан адамның үсті-басы су болып үлгермейді, тек киімдегі вирустар өледі дейді.

Аслан Бұлқашев, дезинфекциялық тоннель жасау компаниясының маманы:

- Адам кіргеннен бастап, шыққанға дейін бүкіл киімі дезинфекциямен қапталады. Қазір қалада 50-ден астам мекеменің алдында орнатылған бұндай құрылғы. Ең басында біз ешқандай жерден алмай, өз мамандарымыздың ойымен жасалынған құрылғы.  

Дәрігерлердің айтуынша, егер аллергиялық ауруыңыз болып, денсаулығыңызға алаңдасаңыз, санитарлық өткелден өтпеуге де болады. Десе де, су мен спирт және залалсыздандыратын қоспалар ғана қосылған тоннельден төнер қауіп жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде