{metadescription}
Елдегі ахуал: 9 бірдей судьядан вирус табылған
Елдегі ахуал: 9 бірдей судьядан вирус табылған

Елдегі ахуал: 9 бірдей судьядан вирус табылған

Алматыда карантин режимі қайтадан күшеюі мүмкін. Шаһардың Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық ахуал әлі өршіп тұрғанын мәлімдеді. Павлодарда 58 жастағы азамат коронавирустан көз жұмды. Атырауда сәулет және қала құрылыс бөлімі, Талдықорғанда облыстық сот карантинге жабылды. Covid-19-ға қатысты елдегі соңғы ахуалды әріптесім Асқарбек Қазанғап баяндайды.

Блок-бекеттер алынып, облыс пен қаланың қайта қауышқанына он-ақ күн. Шектеу азайғанмен, індет қаупі Алматыда әлі ұлғайып тұр. Шаһардың Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қайта іске кіріскен кәсіпорындардың көбі сақтыққа немқұрайлы қарауының кесірінен ауру айылын жимай тұрғанын айтады. Тұрғындарға да сан мәрте ескертілгенмен, көбі ережені елеуге құлықсыз. Бекшин Covid-19 стастикасы осы қарқынмен өсе берсе, карантин режимі қайта күшейтіледі деді. Өйткені соңғы статистика бойынша Алматыда вирус жұқтырғандар үш мыңға жуықтаған.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:

- Көптеген нысандарға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Жеңілдіктер берілді. Оларға осындай нұсқау бойынша карантиннің режимін сақтауға нақты талаптар қойылғаннан кейін жұмысты жалғастыру үшін талапты қатаң сақтау қажет.

Осыған дейін індет статистикасында алдынғы орында болған Алматыдан «эстафетаны» Қарағанды облысы алғандай. Мұнда бір тәулікте 50 адам тіркелді. Күнделікті көрсеткіш көңіл көншітпейді. Облыс науқастар саны жағынан сүреңсіз статистиканың алғашқы үштігіне шықты.

Гүлмира Мұқсиынова, Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің бас маманы:

- Барлық тіркелген науқас бүгінгі күні инфекциялық аурулар ауруханасына жатқызылып, тиісінше ем алып жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар толық жасалды.

Қазақстандағы коронавирустың өлім статистикасы тағы бір адамға өсті. 1962 жылғы Павлодар тұрғыны кесел алдында қауқарсыз болды. Осыған дейін олыстық туберкулезге қарсы диспансерде ем алған азаматтың жағдайы күрт нашарлап кеткен. Жөтел, дене қызуы секілді індет белгілері асқынып, коронавирусқа шалдыққаны расталған соң бірден инфекциялық стационарға жатқызылған. Бірақ ауру алмай қоймады.

Біржан Досмайылов, Павлодар облыстық ДСБ басшысының міндетін атқарушы:

- Одан коронавирус инфекциясының нәтижесі оң болғаннан кейін инфекциялық стационарға ауыстырылған, кейін жансақтау бөліміне жатқызылып, ИВЛ аппаратқа қосылғаннан кейін ем ала бастады. Өкінішке қарай, жағдайы нашарлап, 9-маусым күні сағат 8:00-де көз жұмды.

Ал Атырауда қалалық сәулет және құрылыс бөлімі карантинге жабылды. Қызметкерлердің бірінен коронавирус белгісі анықталған. Осыған байланысты басқарма қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысты.

Ержан Төлек, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Одан зертханалық сынама алынып, тексеру нәтижесінде Covid-19 анықталды. Қазір науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Осы жағдайға байланысты науқаспен жақын қарым-қатынаста болған адамдар анықталып медициналық бақылауға алынды.

Алматы облыстық соты да карантинге жабылды. Өйткені 9 бірдей судьядан вирус табылған. Ал індет көрсеткіші күн сайын құбылуда. Осы сағаттағы статистика бойынша елде дерт дендегендердің саны он үш жарым мыңға жуықтады. Оның сегіз мыңы жазылса, өкінішке қарай, алпыс бір адам кеселдің кесірінен бақилық болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде