Саяжайда бүкіл бір отбасы тірідей өртеніп кетті – Степногорск
Ақмола облысында саяжайдағы үйінде бір отбасы тірідей өртеніп кетті. Отқа оранғандар арасында алты және сегіз жасар бала бар. Тағы бір ер адамның кім екенін анықтай алмай жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
10.06.2020
Оқиға Степногорск қаласының іргесіндегі саяжайда болған. Түн жарымында өрт шыққанын көршілері көріп, дереу құтқарушыларға хабар берген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде үйдің төбесі ортасына түскен. Үймен қоса жанындағы сарай, ауланың дуалдарына дейін жанып кетті. Қызыл жалынды сөндіруге екі сағат уақыт кетті. Үй ішінен 65 жастағы отағасы мен оның әйелі және екі баласының мәйіті табылды. Денесі толығымен адам танымастай болып күйген ер адамның денесі сараптамаға жіберілді. Мамандар бұл үйде от жағатын пеш болмағанын және электр сымы ажыратылғанын айтады. Сондықтан оттың неден тұтанғанын болжауға қиынсынып отыр.
Алексей Советов, Ақмола облыстық ТЖД бастығы:
- Үйден ең бірінші екі баланың денесін таптық. Одан соң екі ер адамның мәйіті табылды. Олардың біреуінің кім екенін біле алмай жатырмыз. Үй иесі – әйел адамның денесін соңнынан шығарып алдық. Өртті сөндіруге екінші қабаттың опырылып түсуі кедергі келтірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!