Су қоймасында балықтардың неден қырылғаны анықталды – Ақтөбе
Ақтөбе су қоймасындағы балықтар ыстықтан қырылды. Он күн бойы сараптама жүргізген мамандар осындай қорытындыға келіп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
11.06.2020
Су жағасындағы қаптаған балық өлексесін алғаш тұрғындар байқаған. Шабақтардың өлу себебін тексеруге сол кезде қос бірдей зертхана кірісті. Екеуінің де айтары бір: аптап ыстықтан су қатты ысып, ттаяз жерде жүретін табан балықтар ауа жетпей тұншығып қалған. «Бірақ соншалықты балық пісетіндей суы қайнамаса да, аптаптың зардабы болды», - дейді мамандар. Мұны экология департаментіндегілер де құптаған. Ал су қоймасы таза, ешқандай улы зат табылмады деп отыр.
Нұрболат Дүйсенов, Ақтөбе облыстық Балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:
- Аномалды ыстық болуына байланысты 35 градустан асып кетті. Бұл жерде енді жаңағы... нетіп қалады ғой... тұншығып қалады. Су ысығаннан кейін сутегі азаяды ғой. Табиғи құбылыс қой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!