{metadescription}
Ақтауда автобус жүргізушілері жұмыстан бас тартуға мәжбүр
Ақтауда автобус жүргізушілері жұмыстан бас тартуға мәжбүр

Ақтауда автобус жүргізушілері жұмыстан бас тартуға мәжбүр

Ақтауда бірқатар жолаушы тасымалдаушы мекемелер жұмысын тоқтатты. Олар карантин талаптары жұмсартылмайынша, жұмыстан бас тартамыз деп отыр. Өйткені жолаушылардың кінәсінен біздер күн сайын айыппұл төлеуге мәжбүр екен. 

Жұрт санитралық ережеге сәйкес, бетперде тақпайды, автобусқа топырлап мінуді тоқтатпайды дейді тасымалдаушы тарап. Ал тексерушілер айыппұлды жолаушыға емес, автобус паркінің мойнына іледі. Үш рет айыппұл төлеген соң, лиценциямыздан мүлде айырыламыз деген уәжін алға тартып отыр. Қалада қоғамдық көліктердің жүріп-тұруы да уақытпен шектелгендіктен, тұрғындар сағаттап автобус күтуге мәжбүр. Ал «бетпердең жоқ, автобус толып кетті» деп кіргізбей қойсаң, оның соңы үлкен дау-дамайға ұласады екен. Сондықтан карантиндік талаптар өзгертілмейінше, жұмысқа шықпауға бекінген.   

Руслан Ахметнәбиев, «Жолаушы Ақтау» ЖШС директоры:

- СЭС-тің адамдары өздері автобусқа мініп көрді. СЭС-тің адамын да тыңдаған жоқ, ешкімді тыңдаған жоқ. «Біз өзіміз білеміз, бетперде киеміз бе, кимейміз бе, ол біздің проблемамыз» деп түсіріп жібереді. Сол жерде айқай болды. Содан кейін айттық: «көрдіңіз ғой енді, біздің жүргізушілер кондукторлармен күнде төбелесе алмайды. Бір-екі оқиға болған, кондукторды итеріп, боқтап жіберді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.