{metadescription}
Малын жайылымға шығара алмаған жұрттың кәсіпкермен дауына комиссия құрылды – БҚО
Малын жайылымға шығара алмаған жұрттың кәсіпкермен дауына комиссия құрылды – БҚО

Малын жайылымға шығара алмаған жұрттың кәсіпкермен дауына комиссия құрылды – БҚО

Батыс Қазақстан облысында бүтін бір ауыл қорадағы малын жайылымға шығара алмай отыр. Өйткені Социализм ауылындағы шаруа қожалықтарының бірі төрт түліктің су ішіп жүрген тоғанға баратын жолды қазып тастаған. Енді тұрғындар бизнесменмен дауласып жатыр. Ал әкімдік арнайы комиссия құруға мәжбүр болды.

Социализм ауылының аты затына сай болмай, жер мен көлге қатысты елдің ортақ дүниесі қалмаған. Қалтасы қалыңдары жайылымдық жерді әлдеқашан сатып алған. Енді шаруа қожалығының иелері ауыл малын суыратын көлге де ешкімді жолатпай отыр. Тіпті төрт түлік өте алмастай етіп сол маңды айнала қазып тастапты.

Сырым Мұрзашев, Социализм ауылының тұрғыны:

- Жауыздық қой, былай қарасаң. Мал жайылатын жер жоқ. Бәрін алып алды өзіне. «Мынау менің жерім» - дейді. Енді бұрын жайлап кіріп жүрді ғой. Ал енді істеп қазып тастаған. Мал суаратын көлдер Баймұрза деген, кішкентай Жылтыркөл, үлкен Жылтыркөл деген бар. Соған қазір мал өте алмайды.

Социализм тұрғындары шаруа қожалықтары иелерінің арасынан, әсіресе облыстық мәслихат депутаты Қатауолла Ашағалиевтен «көресіні көрдік» деп отыр. Көл маңайын жыртқан да сол кісі көрінеді. Онымен қоса жеріне кірген мал «аман шықпайды» дейді тұрғындар.

Есет Есеналиев, Социализм ауылының тұрғыны:

- Біздің ауылдың жылқысы сол Ашағалиевтің аумағына жайылып жүрді. Сол екі басты атып алды. Ол жайылып жүрген тілсіз мал. Соны атып, далаға тастап кеткен, «менің аумағымда» деп. Солай далада қалды. Оған заң жоқ па? Әлде ол ешкімге бағынбай ма? Байларға тән қылық па?

Ауыл тұрғындарының төрт түлігін жайылымға шығара алмай отырғанынан Теректі ауданы басшылары да хабардар екен.

Ержан Досмақов, Теректі ауданы әкімінің орынбасары:

- Инспекцияға областық, сосын жер қатынастары басқармасына хабарлама салдық. Солармен халықпен келіп кездесіп, осы мәселенің анық-қанығын шешеміз.

Шу көтерген халықпен кездесуге шаруа қожалықтарының ешбірі келмеді. Социализмдіктердің жоғын жоқтаудың орнына, өзі дауға қалған депутат та төбе көрсетпеді. Шенеуніктерге сырқаттанып қалғанын айтқан. Ал мұндағы төрт түлік бұрынғысынша жайылымға шыға алмай, ауыл ішінде жайылып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде