{metadescription}
Баланың мәйітін Жайықтан алып шықты
Баланың мәйітін Жайықтан алып шықты

Баланың мәйітін Жайықтан алып шықты

Атырауда кеше кешкісін жоғалып кеткен баланың денесі бүгін таңертең Жайық өзенінен табылды. 11 жасар ұл рұқсат етілмеген жерге суға шомыламын деп суға батқан.   

Кеше кеште Еркінқала ауылында велосипедпен серуендеуге шығып, сол күйі із-түссіз кеткен баланы іздестіру жұмыстары түні бойы жүргізілді. Ауданның барлық төңірегі тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылды. Тек бүгін таңертең ғана иісшіл иттер көмегімен Жайық өзенінің жағалауынан баланың велосипеді мен киімдері табылған. Артынша жедел-құтқару жасағының сарбаздары баланың мәйітін судан алып шықты.    

Рашид Біләлов, Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Атырау облысының ТЖД тұрғындарға ескертеді. Ата-аналар, ешқашан баланы қараусыз қалдырмаңыздар, үлкендердің қарауынсыз суға жібермеңіздер! Биыл бізде осы кезге дейін 14 оқиға тіркеліп отыр. Соның төртеуі кәмелетке толмаған балалар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде