{metadescription}
Елордада биыл отырғызылған көшеттер қурап жатыр
Елордада биыл отырғызылған көшеттер қурап жатыр

Елордада биыл отырғызылған көшеттер қурап жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында күзде және биыл көктемде отырғызылған 2 мың түп көшет қурап жатыр. Басты себеп: күн жылысымен суарылмаған. Жасыл желекке жаны ашыған тұрғындар осылай деп мәлімдеп отыр.

Қазыбек Еркенов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Мен бірінші көмек орталығына хабарласып, суару жайында арыз қалдырған болатынмын. Бірақ ол жерден маған мынадай жауап келді, аптасына екі рет суарып жатырмыз деді. Шын мәнісінде, мен осы жерде тұрамын, күнделікті қадағалаймын. Бұл жерге 2020 жылы бірде-бір рет су құйылған жоқ. 

Бұл елордадағы Айтматов көшесінің бойындағы көшеттер биыл көктемде Есіл аудандық әкімдігінің кезекті сенбілігінде отырғызылыпты. Ал жауапты Есіл ауданы әкімдігі аптасына екі емес, үш мәрте суаратынын айтты. Әрі бұл жұмыс тек түнде жүргізіліп тұрады екен, «тұрғындардың көрмеуі содан» деп отыр. Ал жаз өтпей жапырақтардың сарғаюы сапасыз жер қыртысына, тұзды жерасты суына байланысты екен. Сондықтан әкімдіктегілердің құнарсыз жерге шыбық шаншып, шынар шығуын күткен әлегін ұғу қиынға соғып тұр. Ал жалпы ағаш егу, суару жұмыстарына қанша ақша жұмсалатынын аудандық әкімдік ашып айтып бере алмады.

Гүлмира Қанафина, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің кеңесшісі:

Кеуіп қалған көшеттер алынып тасталмайынша, суару жұмыстары жалғаса береді. Ал осы күзде барлық кепкен ағаштарды жаңа көшеттермен алмастырып тастаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде