{metadescription}
Рейд: Ескертуге ерегескендер коронавирус қаупін әлі түсінбеген
Рейд: Ескертуге ерегескендер коронавирус қаупін әлі түсінбеген

Рейд: Ескертуге ерегескендер коронавирус қаупін әлі түсінбеген

Мақұлдау, бірақ оны орындамау. Алматыда қайта іске кіріскен дүкендер мен тамақтану орындарының көбі санитарлық талапты сақтамайды. Оған бүгін санитар мамандардың көзі жетті. Әлеуметтік ара қашықтықтың  жоқтығы, кіреберісте дене қызуын өлшеуге немқұрайлы қарайтындар ескертуден қорықпайтындай. Алматыдан бөлек, елдің басқа қалаларында да осындай жағдай.

Сынай келген қонақтарды бұл дәмхана күтпегендей. Кіреберісте тұруы тиіс қызу өлшейтін құрылғы асханадан бір-ақ табылды. Абдырап қалған қызметкерлері сұраққа жауап таппай, аузына құм құйылды.

Не себептен кіреберісте тепловизормен тұрмайсыз? Жауап беретін әкімші бар ма?  

Ал бір дүкенде тұтынушылар иін тіресіп тұр. «Үш адамнан артық кіруге болмайды» деген ескертуді елеп жатқан ешкім жоқ. Әлеуметтік ара қашықтықты атымен естімегендей. Сатушысы да ырымын жасап, бетпердені жартылай таққан.

- Қазір жабылғалы жатырмыз, әзірге осыны жөндеп алып, сосын ашамыз.

Одан бөлек те заңбұзушылықтар шыққан соң, олқылықтың орнын толтырғанша дүкен уақытша жабылды. Супермаркеттердің көбінде де осындай жағдай. Тексеріс келгенде камераны көре сала, клиенттерге ара қашықтық сақтау туралы ескертіп жатыр.

Алматылық санитарлар күн сайын түрлі нысанға рейд жүргізеді. «Талапты сақта» деп қақсаудан аузы талғандай. Оны тыңдар құлақ жоқ.

Салтанат Ахметова, Бостандық ауданы тауарлар мен қызмет бақылау басқармасының бөлім басшысы:

- Егер де санитарлық талап сақталмаған жағдайда біз оларға әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырамыз. Оны әкімшілік сотқа жібереміз. Сот қарастырып, өздері шара тағайындайды. 

Басқа қалаларда да осындай қадағалау жалғасып жатыр. Қарағандыда мамандар банктерге барды. Келетінін алдын ала ескерткен соң ба, оларды мінсіз, сақадай-сай қарсы алды.

Петропавлдың эпидемиологтары тұрғындар жиі жүретін саябаққа бас сұқты. Тамақтану орындарын тексерді. «Балаң бетперде неге тақпаған?» деп, тосыннан сау еткен мамандар бұл отбасының тәбетін бұзғандай. Бұлқынатындар көп. Ескертуге ерегіспен қарайтындар коронавирус қаупін әлі түсінбегендей.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде