{metadescription}
Covid-19 белгісі жоқ, бірақ індетті тасымалдайтын 400-ге тарта науқас анықталды
Covid-19 белгісі жоқ, бірақ індетті тасымалдайтын 400-ге тарта науқас анықталды

Covid-19 белгісі жоқ, бірақ індетті тасымалдайтын 400-ге тарта науқас анықталды

Коронавирустан төнген қауіп күшейе түсті. Елорда әкімі тұрғындарға осындай ескерту жасады. Өйткені соңғы кездері індет ошақтары отбасы мен ұжымдарда тіркелуде. «Жағдайдың бұдан әрі ушықпауы үшін қауіпсіздік шарасын қатаң сақтау керек» - дейді Алтай Көлгінов. Соңғы тәулікте елімізде Covid-19-дың ешқандай белгісі жоқ, алайда індетті тасымалдайтын 400-ге тарта науқас анықталған. Ал коронавируспен ауырғандардың ресми статистикасына тағы 239 адам қосылды.

Covid-19-дың бірде-бір белгісі болмаса да, індетті тасымалдаушы саналатындар саны қарқынды өсуде. Соңғы тәулікте осындай 393 науқас анықталған. Әсіресе Шымкент пен Атырау облыстарында вирусты тасымалдаушылар көптеп шығып жатыр. Шымкентте карантин маусымның 22-сіне дейін ұзартылды. Ал Атырау облысында шалғай жатқан ауылдардағы шектеу шарасын осы айдың 24-іне дейін созуға тура келді.

Нұрлыбек Қабдықапаров, Атырау облыстық ДСБ басшысы:

- Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандары бойынша ойландыратын мәселе. Бұл аудандарда каратиндік режим әлі сақталып тұр. Біздің медицина қызметкерлері, эпидемиологтар үлкен жұмыс, іс-шара атқаруда.

Еліміздегі Covid-19-ды жасырын тасымалдаушылардың жалпы саны 2 жарым мыңнан асты. Олар жалпы статистикаға қосылмайды. Ал коронавирус жұқтырғандардың ресми тізіміне бір күнде 239 адам қосылған. Яғни, науқастардың өсімі 1,8 пайызды құрап отыр. Ең көбі – Қарағанды облысында соңғы тәулікте 52 адам дертке душар болды.

Айгүл Шәтекова, Қарағанды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің ресми өкілі:

- Соңғы тіркелген науқастардың басым бөлігі Қарағанды мен Теміртау қалаларынан. 52 науқастың бәрі инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Ауру ошақтары дезинфекцияланып жатыр.

Кеше елімізде кеселден тағы 6 адамның көз жұмғаны белгілі болған. Оның біреуі – Қарағанды облысынан, тағы бірі – Батыс Қазақстан, ал төртеуі Нұр-Сұлтан қаласынан. Елордада тағы 34 науқас ауыр хәлде жатыр. Бас қаланың әкімі бұл көрсеткішке алаңдаулы. Сондықтан Алтай Көлгінов бүгін қала тұрғындарына видеоүндеу жасады.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Ұжымдарда ошақтар пайда бола бастады. Соңғы аптадағы вирус анықталған азаматтардың тең жартысынан көбі ұжымдағы азаматтар. Яғни, отбасыда да және жұмыс орнында да санитарлық нормалардың немесе сол карантиннің талабын дұрыс сақталмауының есебінен деп айтады мамандар.

Ал Ақтөбе облысында індет тарамаған жалғыз аудан ғана қалды. Қалған 11 ауданда вирус жұқтырғандар күн сайын табылып жатыр.

Әсет Қалиев, Ақтөбе облыстық ДСБ басшысы:

- Коронавирус инфекциясының асқынған түрлері, ауыр түрінен науқастар саны бірте-бірте артып келе жатыр. Қазір Ақтөбе облысының жансақтау бөлімінде 12 науқас жатыр. Оның ішінде бесеуі жасанды аппаратқа қосылған. Оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр.

Ертеңнен бастап өңірдегі шектеу шаралары қайта күшейтілмек. Дүкендер белгіленген уақытпен жұмыс істесе, балабақшалар қызметін тоқтатады. Ал мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін онлайн жұмысқа жіберіп жатыр.

Жалпы елімізде эпидемия басталғалы қауіпті вирусты 13558 адам жұқтырған. Оның 67-сі көз жұмды. Ал дертті жеңіп шыққан науқас саны 8400. Індеттен жазылғандар арасында Теміртау қаласының әкімі де бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.