{metadescription}
Жала жапқан адам енді қылмыстық жауапқа тартылмайды
Жала жапқан адам енді қылмыстық жауапқа тартылмайды

Жала жапқан адам енді қылмыстық жауапқа тартылмайды

Жала жапқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Сенат бүгін қараған заң жобасында оны әкімшілік жазаға ауыстырды. Яғни, айыппұл төлеумен немесе үй қамақпен шектеледі.

Заң бойынша бұрын жала жапқан адамға айыппұлдан бөлек, бас бостандығын шектеу, тіпті, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал қазіргі жаңа өзгерісте ондай әрекет жасағандар тек әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Үйқамақ сынды шаралар ғана қарастырылған. Сенат қабылдаған заңда цифрлық технологияларды енгізуге, азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын іске асыруда қылмыстық және әкімшілік заңнаманың ережелерін жетілдіру мәселесі пысықталған.

Андрей Лукин, сенатор: 

- Заң жобасы жала жапқаны үшін жауаптылықты қылмыстық сипаттан арылтуды көздейді. Заң жобасы жеке сот орындаушылары кеңсесінің қызметін реттеуге, сонымен қатар жеке сот орындаушыларының тәртіптік тәжірибесін жетілдіру сынды мәселелерді жетілдіруге арналған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.