{metadescription}
«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның бұрынғы екі президенті тергелуде
«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның бұрынғы екі президенті тергелуде

«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның бұрынғы екі президенті тергелуде

Жемқорлықпен күрес агенттігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның бұрынғы екі президентіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Олар компания қорынан ірі көлемде негізсіз ақша аударып, одан бөлек, тағы бір жарым миллиард теңгенің ұшты-күйлі жоғалуына себепкер болған деген күдік бар.

«Қазақстан Ғарыш Сапарының» бұрынғы басшылары 2009 жылы қазан айында француз компаниясымен құны 260 миллион еуро болатын келісім-шарт бекітті деп күдікке ілінген. Кейін анықталғаны, мұндай қыруар қаржыны бөлуге ешқандай экономикалық негіздеме болмапты. Дәл осы акционерлік қоғамның тағы бір экс-басшысы мекеме қазынасынан 1 миллиард 600 миллион теңгені «Астана банкіне» салды деп күдікке ілінді. Бірақ кейін банк дефолтқа ұшырады да, аталмыш қаражат компанияға кері қайтарылмай қалған. Күдіктілердің үйін тінткен кезде іске қатысты құжаттар мен қыруар ақша табылыпты. Тергеу амалдарына байланысты күдіктілердің есімі мен басқа да деректер әзірге жарияланбай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде