{metadescription}
Коронавирусқа қарсы вакцина міндеттелуі мүмкін
Коронавирусқа қарсы вакцина міндеттелуі мүмкін

Коронавирусқа қарсы вакцина міндеттелуі мүмкін

Коронавирусқа қарсы вакцина пайда болса, ол қазақстандықтарға міндеттелуі мүмкін. Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның айтуынша, барлығы елдегі жағдайға байланысты болады. Яғни, жағдай ушығып тұрса, онда міндетті вакциналар тізіміне кіреді.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: 

Жалпы алғанда вакцина пайда болған кезде біздегі жағдай қандай болады, соған байланысты. Егер жағдай вакцина салдыруды талап ететіндей болса, онда ол эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша міндетті вакциналар тізіміне енгізіледі. Бірақ, бәрібір азаматтардың бас тарту құқы сақталады.

Вице-министрдің айтуынша, жалпы біздегі вакциналар міндетті және ерікті болып екіге бөлінеді. Міндеттілердің өзі де ішінара міндетті және алдын алу болып тағы бөлінеді. Тек бір анығы, қандай жағдайда болмасын, міндетті вакцина алдымен адамға ескертіледі. Сөйтіп оның келісімін алған жағдайда ғана салынады. Сондай-ақ, екпе салдырмаған балалардың балабақшаға қандай жағдайда қабылданатынын да айтып өтті. Яғни, ұжымдық иммунитет 95 пайызға жеткенде ғана екпе салдырмаған баланы қабылдауға болады. Оның өзінде ата-ананың жеке бас қарсылығынан емес, дәріге аллергиясы бар болғандықтан екпеден бас тартқандарға басымдық берілмек.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Ұжымдық иммунитет бұл екпе салдырмаған адамдардың қосымша қорғанысы. Яғни, екпе салдырған адам саны жеткілікті деңгейде болса, олар қорғаныш болады. Айта кетерлігі, екпе салдырмағандардың арасында тек бас тартқандар ғана емес, медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамдар да болады. Осылардың аражігін ажырата білуіміз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде