{metadescription}
Пәтерінде 30-дан аса ит-мысық асыраған экс-полицей көршілерін пысқырмайды 
Пәтерінде 30-дан аса ит-мысық асыраған экс-полицей көршілерін пысқырмайды 

Пәтерінде 30-дан аса ит-мысық асыраған экс-полицей көршілерін пысқырмайды 

Иттермен көрші тұрудың азабы! Алматы облысында экс-полицей көршілерінің қарсылығына қарамастан, пәтерінде қаңғыбас иттерді асырап отыр. Айтуларынша, саны мысықтармен қоса есептегенде отыздан асады. Соның кесірінен подъезге тараған сасық иіс үйдің ішіне де сіңіп кеткен. Тұрғындардың тартқан азабы мұнымен бітпейді екен.

Иттерін екі күннің бірінде есік алдында қыдыртатын азамат балалардың ойын алаңын да әбден ластапты.               

Аула толы асыр салып ойнаған бала. Бірақ олардың қуаныштары көпке созылмайды. Себебі, балалар ойын алаңын экс-полицейдің иттерімен бөлісуге мәжбүр. Тұрғындардың айтуынша, пәтерінде кілең қаңғыбас иттерді асырайтын азамат жануарларды екі күннің бірінде аулада қыдыртады. Тұмылдырықсыз сайран салған олар бірнеше рет балаларды қауып алыпты. Ал табалдырықтан аттап басуға қорқып қалған жұрт ол аздай, төрт қабырғада қамалып отыр.                  

Нұрбибі Байғанова, көршісі:

30-дан астам мысық ұстаған. Балконын қарасаңыз, мысықтар қаздай тізіліп отырады. Ал итті бір-екі жылдан бері бағатын болды. Бүкіл даланың итін бәрін жинап әкеледі. Подъезімізге кіре алмаймыз. Сұмдық! Не үйімізге қонақ келе алмайды, иістен зәрезап болдық.

Ал иттердің саны мысықтармен есептегенде отыздан асатын көрінеді. Олардың біразын тұрғындар таспаға түсіріп те алған. Десе де көршілерінің көз жасына қарайын деп тұрған экс-полицей жоқ. Көшеге мысық құшақтап шыққан азамат «жануарларға жаны ашымайды» деп тұрғындардың өзін кінәлады.     

Сергей Ефременков:

Менде қанша ит, мысықтың бар екенінде ешкімнің шаруасы болмасын. Қанша жануар асырасам да, өз еркім. Адамдар ит пен мысық асырайды да, сосын далаға лақтырып тастайды. Ал мен оларды қайта құтқарып, тамағын беріп, асырап жатырмын.

Көршілерінің шағымына пысқырып та қарамаған ол мысығын көтерген бойы үйіне қарай тұра қашты. Өзі бір бөлмелі пәтерде тұрады екен. Айтуынша, иттері көршілері айтқандай қабаған емес. Өзімен бірге тамақтанып, бірге ұйықтайды.  

- Жануарлар менімен бір төсекте ұйықтайды. Сіздерге тағы не керек? Иә, мен бұрынғы қызметкермін. Қысқартуға ұшырап қызметтен шығып қалдым.   

Пәтер иесі есігін сол күйі ашпай қойды. Айтуынша, ішінде 14-ақ ит-мысық қана. Және тап-таза, ешқандай иіс жоқ. Дегенмен мұнда тыныстау мүмкін емес. Тұншығып қалмас үшін бетперде киюге тура келеді.

Иіске тұншыққан тұрғындар бірнеше рет полицияға шағымданған. Алайда сол бойы шара қолданылмаған. Бірақ бұл жолы шақыртудың қажеті болмады. Полицейлер ойда жоқта пайда бола кетті.    

- Шағымданып жатқанын білемін

- Кіруге бола ма?

- Жоқ, болмайды.  

Көп қабатты үйде нақты қанша иттің бар екенін сол күйі біле алмадық. Себебі, иттердің қожайыны бұрынғы әріптестерін де пәтеріне кіргізбеді. Бірақ жазадан сытылып кете алмады.

Ернар Мұратұлы, Боралдай кентінің учаскелік инпсекторы:

- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабына сәйкес, көп қабатты үйде көп ит ұстауға болмайды.

- Қанша ит рұқсат етілген? 

- Бір-екі итке. Қазір айыппұл салынды.

Ит асыраушыға 12 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал иттерден құтылудың бір-ақ жолы бар – әкімдікке жаппай арызданып, мәжбүрлі түрде шығаруды бірауыздан талап ету.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде