Әр жұмысшы басшылықтан екі күнге сұрануына болады
Қазір скрининг мәселесі өте өзекті. Себебі, тексеріс айтарлықтай уақытты қажет етеді. Жұмысынан қалмауды ойлаған қазақстандықтар скринингті кейінге қалдыра салғанды жөн көреді екен. Енді жағдай өзгереді. Әр жұмысшы басшылығынан екі күнге босату туралы талап ете алады.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
15.06.2020
Бұл тексерістің нәтижесінде қатерлі ісік, қант диабеті, гипертония сияқты дерттерді алдын ала анықтауға болады. Ал карантин уақытында елдегі онкологиялық диспансерлердің ешқайсысы жабылмаған. Тек санитарлық талап күшейтілді. Диспансердегі науқастар әр жеті күн сайын COVID-19-ға тест тапсырып тұрады. Сегіз науқастан коронавирус анықталған. Өкініштісі, бүгінде онкологиялық науқас қатары еселеп артып жатыр. Өлім-жітім көрсеткіші бойынша алғашқы үштікте - жүрек-қан тамырларының дерті, жол апаттары және осы онокологиялық аурулар.
Диляра Қайдарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы:
- Скринингтен өтуге екі күн жеткілікті. Бұл холестеринді, қантты, қан қысымын және он жылдан бері қолданыстағы қатерлі ісік ауруын тексеретін тест. 2018 жылдан бастап біз онкологиялық скринингке өзгерістер енгіздік. Жұмыс беруші қызметкерін екі күнге жібергеннен еш ұтылмайды деп ойлаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!