Бес ай жалақы бермеген балабақша ақша орнына жиһаз ұсынған
Жалақының өтеуіне жиһаз ұсынған. Нұр-Сұлтандағы жекеменшік балабақшалардың бірі қызметкерлеріне ақпан айынан бері айлық төлемепті. Жұмысшылардың сөзінше, жалақы берешегінің көлемі 6 миллион теңгеден асып түседі. Ал балабақша басшысы коронавирусқа шалдықтым деп,тәрбиешілермен кездесуден қашып жүр екен.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
15.06.2020
- Жалақымыз қашан беріледі?
- Күтпей-ақ қойыңыздар.
- Неге?
- Солай.
Балабақшада ұзын саны 33 адам жұмыс істепті. Төтенше жағдайдан кейін мамырдың 18-де жұмысын бастауы тиіс болған. Бірақ ғимаратты жалға алатын серіктестік оның да айлық пұлын өтемей, банк есепшоттарын бұғаттап тастапты. Қазір балабақша банкрот деп танылып, жабылып қалған. Мемлекеттік тапсырыспен алған ақшаны да кері қайтаратыны белгілі болды. Ал жұмысшылары әкімдікке де, еңбек инспекциясына да шағымданып сабылып жүр. Кейінгілері үш жылдық мораторийге байланысты ешқандай тексеріс өткізбейміз деп жауап беріпті. Қызметкерлердің сөзінше, жалақы берешегі 6 миллион теңгеден асып түскен. Айлықтың есебіне директор балабақша ғимаратындағы жиһазды алып кетіңдер депті. Жалақы талап еткен топ сотқа арызданыпты, енді жауабын күтіп отыр.
Гүлшат Оңғарбаева, Балақбақшаның бұрынғы қызметкері:
- Ақпаннан бастап айлық алған жоқпын. Наурызда бізге толық айлық төлеу керек еді, бірақ жартысын ғана береміз деп айтып жатыр. Балабақшаның құрылтайшысы Петр Николаевич Ярмольчук білім басқармасынан 2,5 миллион дотация алып тұрады. Ол ақша біздің айлығымызға бөлінген. Бірақ оны бермей отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!