{metadescription}
0:000:00
Зауыт жұмысшыларының өліміне қатысты тексеру қорытындысы – Ақтөбе

Зауыт жұмысшыларының өліміне қатысты тексеру қорытындысы – Ақтөбе

Ақтөбедегі хром қосындылары зауытындағы бес жұмысшының өліміне қатысты тексеру қорытындысы шықты. Комиссия мүшелері қателіктің сексен пайызы зауыт басшыларынан кеткен деп отыр.

Қуаныш Қамиев, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының бөлім басшысы:

- Жұмыс берушінің басты кінәсі - өндірістегі қауіпсіздік ережелерін бұзған, әрі ұйымдастыру жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Комиссия мүшелері зардап шеккендердің, қаза тапқан жұмысшылардың туыстарымен кездесіп, қандай әлеуметтік көмек тиесілі екенін айтып түсіндірді. Кәсіпорын тарапынан оларға жалпы сомасы 23 миллион көлемінде көмек жасалған.

Осыдан үш апта бұрын зауыттағы №4 цехта елу текше метрлік бөшкені тазарту кезінде ыстық бу ұрып, төрт жұмысшы оқиға орнында көз жұмған. Сол жердегі екі адам күйік жарақатымен ауруханаға түсті. Солардың бірінің денесінің түгі қалмай күйіпті. Ол ақыры ауруханада есін жимаған күйі жан тапсырған. Қазір аман қалған жалғыз жұмысшы ем алып жатыр. Дәрігерлер оны екі ай бойы орнынан қозғамаймыз дейді. Хром қосындылары зауытындағы осы қайғылы оқиғаға байланысты цехтың үш бастығы қамауға алынған болатын. Оларға жұмысына салғырт қарады деген айып тағылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде