{metadescription}
Жаппай төбелесте 15 жастағы жасөспірім мерт болды – Тараз
Жаппай төбелесте 15 жастағы жасөспірім мерт болды – Тараз

Жаппай төбелесте 15 жастағы жасөспірім мерт болды – Тараз

Таразда жаппай төбелестен 15 жастағы жасөспірім ажал құшты. Марқұмның туыстарының айтуынша, оған сегіз рет пышақ ұрылған. Біреуі кеуде тұсына тиіп, өкпесі мен жүрегін зақымдапты. Дәрігерлер көп қан жоғалтқан сегізінші сынып оқушысының өмірін сақтап қала алмады. Қайғыдан қан жұтқан отбасы енді кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Өйткені бұл төбелеске қарсы жақтан 16 адам қатысқанымен, тек жалғыз адам кінәні мойынына алған.   

Оралбек Кедебаевтің өмірі небәрі 15 жасында қиылды. Марқұмның денесі жер қойнына кеше тапсырылды. Ол бір отбасындағы 6 баланың төртіншісі. Жеткіншек болашақта әйгілі спортшы болуды армандаған. Сол бала қиялы өзінің тәнімен бірге жер қойнына кетті. Бауыр еті – баласынан айырылған Бейсенбай Құтышев «ұлымды жабылып өлтірді» дейді. Кінәлілердің ешірім сұрауға да жарымағанын айтады.  

Бейсенбай Құтышев, О. Кедебаевтың әкесі:

- Адамы өліп, қазанында қан қайнап жатқанда алдыңа келсе, атаңның құнын кешесің дейді ғой. Алдымызға келсе, кішкентай да болса ашуымыз басылып, кішкентай да болса, қайғымызға ортақтасқанда шеріміз тарқар еді. Бірақ ондай іс-әрекет көрмедім.

Оралбек Кедебаев биыл сегізінші сыныпты аяқтаған. Бұл соның құрдастары, төбелеске де бірге барған. Ерегістің нақты неден туындағанын айтпады. Бірақ түн жарымда мәселе шешуге бесеуі барып, 16 адамның қарсылығына тап болған. Арасында өздерінен бірнеше жас үлкендері де болыпты.

Төбелеске қатысушы:  

- Орал, бауырларым пышақтап кетті деп айғайлады. Оралды ұстап алған, осы жерге келіп құлады. Оралды алып кеттік. Олар пышақтаған соң қашып кетті.

Қайтыс болған оқушыға сегіз рет пышақ ұрылған. Кеуде тұсына да тиіпті. Сол жарақаты ажалына себеп болса керек. Өйткені жүрегі мен өкпесіне зақым келген. Көп қан жоғалтқан жасөспірімді дәрігерлер құтқара алмады. Ал тәртіп сақшылары осы іске қатысты тек 16 жастағы бір күдіктінің ұсталғанын айтады.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Қазір төбелеске қатысушылардың бәрі анықталып, жауап алынды. Аталған дерекпен ҚК 99-бабы, 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ұсталып, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Бейсенбай Құтышев жалғыз адамның жауапқа тартылғалы жатқанына наразы. Оның айтуынша, 16 бала түгелдей қамауға алынуы тиіс. Себебі, «барлығы кінәлі» дейді.  

Бейсенбай Құтышев, О. Кедебаевтың әкесі:

Менің балам аралас жекпе-жекке қатысып жүрген. Ол бір балаға пышақтатпайды. Пышақтаған бір бала екен деген – ақылға қонымсыз. Бір бала түгілі, екі-үш балаға да балам пышақтатпайды. Ол жерде 16 бала бәрі пышақтап отыр ғой.

Жаппай төбелесте Оралбектің 3 досы да жарақат алғанын айта кетейік. Мұрны сынған бір құрдасы ауруханада жатыр. Оның өміріне төнген қауіп жоқ. Ал қалғаны жеңіл жарақатпен құтылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.