Еңбекшіқазақ шаруалары органикалық көкөніс өсіруге қол жеткізді
Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтерудің маңызды қадамы. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында органикалық көкөніс өсіретін шаруалар көбейді. Тың тәсіл осыдан бірнеше жыл бұрын пайдаланыла бастаған. Аз уақытта жемісін де берді. Енді оның өрісі қалай кеңейтіледі? Шелек ауылында семинарға жиналған шаруалар осы сұраққа жауап іздеді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
17.06.2020
Жылыжайдағы қатар тұрған екі көшеттің айырмашылығы көзге ұрып тұр. Бірі – дәстүрлі жолмен өссе, екіншісі – агрофлорин атты тыңайтқышпен өңделген. Осылайша шаруалар органикалық көкөніс өсіруге қол жеткізді. Бұл отандық ауыл шаруашылығы үшін үлкен жетістік.
Биогаздық құрылғы да ноу-хау. Қи, тезек салып тыңайтқыш алынады. Оған қоса газ да өндіреді. Оның қуаты жылыжайды электр қуатымен қамтамасыз етуге жетеді. Жергілікті қауымдастықтар қоғамдық қорының құрамына кіретін шаруалар бүгін семинар өткізіп, жеткен жетістікті одан әрі дамытудың жайы қызу талқыға түсті.
Бақытгүл Елшібаева, «Жергілікті қауымдастықтар қоғамдық қорының» атқарушы директоры:
- Біздің қазіргі өндіріп отырған технологияларымыз ол таза, табиғи жаңағы қорғау түрлерін, таза табиғи тыңайтқыш түрлерін енгізу арқылы таза өнім алу.
Жобаға қызуғушылық танытып жатқан шаруалар көп. Алда тек Алматы облысымен шектелмей, инновациялық тыңайтқыш басқа облыстарға да тараса бұл салада серпін боларсы сөзсіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!