{metadescription}
Боралдай тұрғындарының бүкіл техникасы күйіп кетті
Боралдай тұрғындарының бүкіл техникасы күйіп кетті

Боралдай тұрғындарының бүкіл техникасы күйіп кетті

Тоқтан кеткен ақауға кім жауап береді? Алматы облысының Боралдай кентінде бір ықшамаудан тұрғындарының техникасы күйіп кетті. Бір-ақ күнде үйдегі бары істен шыққан адамдар енді болған жайды мойнына алудан жауапты мамандар қашып жатыр дейді. Олардың базынасын тыңдауға жергілікті әкім де арнайы келді.

- Мінеки, біздің үйде тоңазытқыш күйіп кетті. Міне, кондиционер.

Медет Ұйпалақовтың үйдегі күллі техникасының сырты бүтін болғанмен, іші түтін. Құны 500 мыңға татитын мүлкі күйіп кетті. Жайнақ ықшамауданындағы Ынтымақ көшесінің барлық тұрғыны да осының кебін киген.

Жадыра Алнұрова, Боралдай кентінің тұрғыны:

- Келіп, барлығын тоқтан суырдым. Бірақ мен осы жаққа келмегем. Ұмытып кетіппін. Жарты сағаттан кейін келсек, мына жердің бәрі көк түтін, мынау жанып жатыр.

Жергілікті тұрғындар жеті жыл бұрын бағаналарды өздері қойып, тоқ тартқан. Ай сайын ақшасын төлейді. Бірақ жеме-жемге келгенде «Алматы Энергосбыт» компаниясы жауапкершіліктен ат-тонын ала қашып, «Алатау жарық компаниясына» сілтеді.  Ал олар өз кезегінде бағаналар «баланстарына кірмейді» деп тоқетерін айтты. Екі арада шарасыз тұрғындар енді қайтерін білмей дал.

Алтынбек Әбдібаев, Боралдай кентінің тұрғыны:

- Күйіп кетті, елдің тоңазытқыштары істемей қалды. Приставка, газдың астында тұрған зат та істемей қалды. Күйіп, бықсып кетті.

Шырылдаған  көпшілікке жергілікті әкім де келіп жетті. Ол да күйген техниканың өтеуіне «біз жауапты емеспіз» деп әңгімені жылы жапты. Бірақ ескі бағаналар сымын қауіпсізіне «келер айда ауыстырамыз» деп бір қуантты.

Данияр Қоңырбаев, Боралдай кентінің әкімі:

- Таңертен ауылымыздың кәсіпкерлері бар, азаматтар жан ашитын, сол азаматтарға айттым: «Жігіттер, көмектесеңіздер». Олар көмегін береміз, бәрін жаңалап береміз деп отыр.

Сонда да көптің көңілі күпті. «Күйген техниканың шығынын кім өтейді?» деген сұрақ маза бермейді. Ал «иесіз бағаналарға жауап бермейміз» дегенмен, ай сайын тоқ ақшасын алатын компанияналар олардың жанайқайында шаруасы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.