{metadescription}
Қырғыз шекарасында Жамбыл облысына өткісі келген бір топ ауғандық ұсталды
Қырғыз шекарасында Жамбыл облысына өткісі келген бір топ ауғандық ұсталды

Қырғыз шекарасында Жамбыл облысына өткісі келген бір топ ауғандық ұсталды

Келімсектер шекараны заңсыз кесіп өтпек болған. Қырғызстан арқылы Жамбыл облысына өткісі келген 12 Ауғанстан азаматы ұсталды.

Бір топ адамның тапа-тал түсте шекара қоршауының рұқсат етілмеген тұсынан жаяу ұрын өткелі жатқан сәті көктен дрон арқылы байқалған. Дереу дабыл қағылып, әскерилер алып-ұшып жетеді. Сөйтіп өздерінен арқалаған жүгі көп 12 адам құрықталған. Видеодан олардың еш қарсылық көрсетпей ортаға топталып, тырп етпей отырғанын анық аңғарасың. Көптің арасында әйелдер мен балалар бар. Бұлардың не мақсатта Жамбыл өңіріне жеткісі келгені әзірге айтылмауда. Шетелдіктерге көмек көрсеткендер болды ма, жоқ па, қазір ол дерек тексерілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде