{metadescription}
Алматы тауларындағы көлдердің арнасынан асу қаупі бар
Алматы тауларындағы көлдердің арнасынан асу қаупі бар

Алматы тауларындағы көлдердің арнасынан асу қаупі бар

Алматыда таулардағы көл суы ағызылып жатыр. Өйткені күн жылынып, мұздықтардың еруіне байланысты оның деңгейі көтеріле бастаған. Жалпы таудағы 45 көлдің жетеуінің арнасынан асып кету қаупі бар екен.

Жауаптылар тау басындағы қардың қалыңдығын өлшеп, мұздық көлдердегі жағдайды тексеріп жатыр. Жаз айында ауа температурасы жоғары болатындықтан, «Қазселденқорғау» мекемесі арнайы аппараттардың көмегімен су деңгейін азайтуға кірісті. Қазір Үлкен және Кіші Алматы, сондай-ақ, Ақсай өзендері бастау алатын қауіпті көлдерге қалқымалы сусорғыштар қойылып, суы сыртқа ағызылуда. Соның көмегімен 15 күн ішінде су деңгейін біраз төмендетуге болады екен. Сонымен қатар ең қауіпті саналатын №6 және №13  көлдерді де қалыпты жағдайға келтіруде.   

Ерлан Әлібеков, Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

- Соңғы аэровизуалдық ұшу кезінде 1-ші көлді де бақылап өттік. Былтыр білесіздер, ол жерде сел өткен, қазір қалыпты. Қалаға еш қауіп жоқ. Бірақ биыл ол жерде арнайы канал қазуылатын болды. Оған республикалық бюджеттен ақша бөлінді. Транзиттік канал салынғаннан кейін көл ешқашан толмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде