{metadescription}
Жануарды азаптап өлтіргендер қылмыстық жауапқа тартылады
Жануарды азаптап өлтіргендер қылмыстық жауапқа тартылады

Жануарды азаптап өлтіргендер қылмыстық жауапқа тартылады

Қазақстанда жануарларды азаптап өлтіретіндерге жаза күшейтілуі мүмкін. Экология министрлігі қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізбекші. Ең алдымен шенеуніктер қаңғыбас хайуанаттарды аулау жұмысын реттемек. Құжатта қараусыз қалған ит-мысыққа қалай күтім жасау керектігі тайға таңба басқандай жазылмақ.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Жаңа заң жобасында қаңғыбас хайуанаттарды, жануарларды бағу, күту, емдеу шаралары және олардың санын реттеу, аулау жұмыстары, цирктерде, хайуанаттар бағында, жеке зоодүкендерде хайуанаттар мен жануарларға күтім жасаудың ерекшеліктері сияқты стандарттар ұсынылады.

Ал жануарлар мен хайуанаттарға қатысты жаңа ережелерді сақтамағандар тек әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. Бүгінгі таңда жануарларды азаптағандарға 550 мың теңге айыппұл салынады немесе олар 50 күнге темір торға тоғытылады. Қазақстандықтар жаңа заңнаманың тезірек қабылдануын күтіп жүр. 67 мың адам Петицияға қол қойыпты. Айтып өтейік, соңғы кездері жануарларға қиянат жасау оқиғалары туралы жаңалық жиілеп кетті. Екі апта бұрын Атырауда итті тоңазытқыш есігімен буындырған ер адам видеоға түсіп қалған еді. Еріктілер итті құтқарды, ал полиция атыраулық қаскөйді ұстады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде