{metadescription}
Швеция соты Қазақстан пайдасына шешім шығарды
Швеция соты Қазақстан пайдасына шешім шығарды

Швеция соты Қазақстан пайдасына шешім шығарды

Ұлттық қордың қомақты қаржысына қойылған бұғат ақыры алынатын болды. Швеция соты молдовалық бизнесмендер Анатолий және Габриел Статилер мен Қазақстан Үкіметі арасындағы сотта біздің елдің пайдасына шешім шығарды. Бұл Ұлттық қордың 83 миллион долларға жуық активтерінен тыйымды алып тастауға мүмкіндік береді.

Сотта Ұлттық банк Статилер келтірген дәлелдердің негізсіз екенін көрсеткен. Атышулы іс Швеция сотында 2018 жылдан бастап қаралған еді. Енді жеңілген кәсіпкерлер содан бергі сот шығындарын Ұлттық банк пен Қазақстан Үкіметіне өтеп беруі тиіс. Мұндай шешім швед сотында өте сирек шығарылатынын айта кетейік. Жалпы, Статилермен арадағы дау осыдан 12 жыл бұрын басталған болатын. Сол кезде молдовалық кәсіпкерлер Маңғыстау облысында газ өңдейтін зауыт салмақ болады. Алайда құрылыс уақытында аяқталмаған. Соңында шетелдік инвесторларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, олар қарсы арыз түсіріп, бізден 4 миллиард доллар талап етті. Тараптар содан бері сот жағалап жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде