{metadescription}
Мәулен Әшімбаев Сенатта қандастардың негізгі мәселелерін айтты
Мәулен Әшімбаев Сенатта қандастардың негізгі мәселелерін айтты

Мәулен Әшімбаев Сенатта қандастардың негізгі мәселелерін айтты

Қазақстанға келген қандастардың азаматтық алуы жылдам әрі жеңіл болуы тиіс. Сенат спикері Министрлер кабинетіне бюджетті қараған кезде осы мәселені ескеруді тапсырды. Мәулен Әшімбаев қандастарды баспанамен қамтуға бөлінетін қаржының көлемін де сынады.  

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

Мысалы, Үкіметтің тарапынан берілетін субсидияның көлемі 833 мың теңге. 833 мың теңге баспана алуға жетпейтіні түсінікті. Несие алуға бастапқы жарнасын салуға да жетпейді. Сондықтан бұл мәселе өте өзекті. Келесі бюджетті қарағанда осы мәселені ескерейік.

Сенат отырысында Мәулен Әшімбаев қандастардың тарапынан жиі көтеріліп жүрген негізгі мәселелерді ортаға салды. Әуелгісі азаматтық жайы болса, кейінгісі қандастарды жұмыспен қамту шаруасы. Бұл мәселеде спикердің ойынша, жергілікті атқару органдарынан нақты әрекет аздық етіп жатыр. Елге оралған азаматтардың бейімделіп кетуіне және басқа да әлеуметтік сұрақтарына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен басқалары бас ауыртқысы келмейді. «Сондықтан бұл шаруамен тұтас Үкімет айналысуы керек», - дейді Әшімбаев. Жыр болған азаматтық беру мәселесін де жеделдетуді ұсынды. Өйткені қазір «Отаным» деп келген жандар бір жылға дейін мекемеден мекемеге сабылып, мақұлдау күтуге мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде