{metadescription}
Балабақшада жұдырықтай баланы жұлқылап, құлағынан сүйрелеген
Балабақшада жұдырықтай баланы жұлқылап, құлағынан сүйрелеген

Балабақшада жұдырықтай баланы жұлқылап, құлағынан сүйрелеген

Балабақшадағы бассыздық. Әлеуметтік желіде жұдырықтай баланы жұлқылап, құлағынан тартып сүйрелеген тәрбиешінің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Педагог қатыгездік көрсеткен оқиға Алматы қаласындағы №7 балабақшада болған. Ал мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі жас маман «кішкентайлардың еркелігін көтере алмай, ашуға ерік берген» деп ақталып отыр. 

Гүлшат Рыспаева, №7 балабақшасының меңгерушісі:

23 жаста. Былтыр маусымда Алматы гуманитарлық университетін бітірген. Біз ол педагогтан неге осылай істегенін сұрадық. «Апай, өз-өзімді ұстай алмадым» деді. Айтқаны сол.

Тәрбиешінің төрт жарым жастағы балаға жұдырық жұмсағаны бейнебақылау камерасына жазылған. Бүлдіршінді білектің күшімен сабасына түсірген педагог әуелі баланы қатты жұлқып, кейін құлағынан сүйрелеп, келесі бөлмеге алып кетеді. Бір қызығы, оқиға ақпан айында болған екен. Жас маман кінәсін мойындап, ата-анасынан кешірім сұраған соң, балабақшадағы былық жабулы күйінде қалған. Ал әуелі сөгіс алған қызметкер көп ұзамай өз еркімен жұмыстан кетіпті. Бейнебақылаудағы жазбада тәрбиешінің тағы бір баланы күшпен тәртіпке салған сәті бар. Бірақ бұл жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Десе де тәрбиеші 4 ай бұрын жұмыстан босағанымен, осы оқиғаның жаңғырығы әлі тоқтамайтын секілді. Себебі, балабақшадағы бассыздықты әлеуметтік желідегі шудан соң тексеруге алған қалалық білім басқармасы жауаптыларға әлі де шара қолданылуы мүмкін дейді.

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық білім басқармасының бас маманы:

- Алматы қалалық білім басқармасы аталған факті бойынша мән-жайды толық анықтауы үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдейді. Факті анықталған жағдайда балабақша меңгерушісінен бастап, барлық жауапты тұлғаларға заң шеңберінде тиісті шара қолданылатын болады. Тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды нәтижесін хабарлаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде