Қазақстанның саяси элитасында коронавируспен оқшауланған кімдер?
Еліміздің саяси элитасы арасында коронавирусқа байланысты оқшаулану жалғасып жатыр. Бүгін Премьер-министрдің ізімен оның орынбасары Ералы Тоғжанов та карантинге кетті. Вице-премьерден дәрігерлер кеселдің симптомсыз белгілерін анықтаған. Қазір шенеунік үйінде емделуде.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
18.06.2020
Бір ай бұрын ғана тағайындалған Қаржы министрі де бүгін оқшауланды. Тест нәтижесі терісті көрсетсе де, Ерұлан Жамаубаев вирусты жұқтырған адаммен байланыста болыпты. Министрдің міндетін уақытша оның орынбасары Татьяна Савельева атқарады. Бүгін вице-министр Сенатта бюджетті атқару жөнінде баяндама оқыды.
Еліміздің Министрлер кабинетінің бір бөлігі Жоғары палатаның пленарлық отырысына қатысқан жоқ. 2019 жылы қазынадағы қаржының қалай жұмсалғаны талқыланған жиында бейнебайланысқа тек санаулы шенеуніктер шықты. Отырыста сенаторлардың да қарасы аз болды. Депутаттар бетперде киіп, кейбіреуі қолғаппен қорғанған, бір-бірінен қашықтықта отыр. Үкімет басшысы, білім, экология, ауыл шаруашылығы министрлері мен Жамбыл облысының әкімі қазір үй карантинінде қашықтан жұмыс істеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!