COVID-19: Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға жатпайды, жұмысты қашықтан істейді
Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды. Елбасы тест тапсырған соң, COVID-19 вирусы анықталған. Сондықтан ол қауіпті індетке байланысты оқшауланып, жұмысын қашықтан жалғастырып жатыр.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
18.06.2020
«Алаңдауға негіз жоқ» - дейді Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі. Елбасының соңғы күндері кіммен тығыз байланыста болғаны белгісіз. Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға жатпайды, жұмысты қашықтан істейді. Қазір тұңғыш президент - Қауіпсіздік кеңесі және «Нұр Отан» партиясының төрағасы. Екі аптадан соң, 80 жас мерейтойын атап өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
- Өкінішке қарай, коронавирус біздің тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!