Минскіде жұрт түнде шеруге шықты
Сайлау алдындағы бас көтеру. Беларусь астанасында жұрт түнде шеруге шықты. Басты себеп - Лукашенконың сайлаудағы басты қарсыласы саналатын Виктор Бабариктің қамауға алынуы.
Автор: Асқарбек Қазанғап
19.06.2020
Әділ доданың жақтаушылары бәсекелестіктің, жариялылықтың болғанын қалайды. Бірақ қазіргі биліктің тізе батырып отырғаны олардың шамына қатты тигендей. Еурокомиссияның төрайымы Урусла фон дер Ляйен манифестанттарды жақтады. Беларусь билігі президент сайлауына түсетін үміткерлерге тең жағдай жасау керек екенін қадап айтты. Ал олар өз кезегінде Бабариктің ұсталуын ол басқарған «Белгазпромбанк» басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалуымен түсіндірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!