Ұзақ жыл бойы жалған құжатпен ақша заңдастырған – СҚО
Солтүстік Қазақстан облысында ақша заңдастырумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар ұзақ жыл бойы жалған құжат арқылы қомақты соманы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Осылайша экономикалық қылмысқа барғандар шамамен 500 миллион теңгенің салығын төлеуден жалтарыпты.
Автор: Диас Нұрақын
19.06.2020
Арнайы рейд кезінде күдіктілерден бухгалтерлік құжаттар, түрлі кәсіпорынның мөрлері, банк карточкалары мен 12 миллион теңге ақша тәркіленді. Ал қылмыстық топ мүшелері жалған құжат арқылы заңдастырылған 9,3 миллион теңгені беріп жатқан сәтінде қолға түскен. Қазір барлығы да қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Виктория Алпеева, СҚО Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:
- Қылмыстық топ мүшелері қолма-қол ақшаны беріп жатқан кезде қолға түсті. Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің көмегімен ұстадық. Тінткен кезде мөрлер, электронды цифрлы қолтаңбасы бар флеш карталар, компьютерлер, құжаттар тәркіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!