Ақтөбеде өкпесі қабынғандар ауруханаға сыймай жатыр
Ақтөбеде өкпесі қабынған науқастар ауруханаға сыймай жатыр. Соңғы аптада бұл дерттен сегіз адам қайтыс болған. 22 науқастың жағдайы ауыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.06.2020
Қазір Ақтөбедегі үш ауруханада да бос керуерт жоқ. Өкпесі қабынғандарды барлық бөлімшелерге жатқызып жатыр. «Егер ауру көбейе берсе, облыстық перзентхананы да пульмонология бөліміне айналдырамыз», - дейді мамандар. Ал қалалық Қарғалы ауруханасына толықтай тек пневмония дертіне шалдыққандарды жатқызатын болған. Дәрігерлердің сөзінше, өкпесі қабынған науқастардың сынамасынан COVID-19 вирусы табылмаған. Бірақ дерттің белгісі дәл коронавирустікіндей. Тынысы тарылып, қызуы көтеріледі, көк жөтел болады. Жасанды аппараттар да жетіспейді. Қазір он алты науқас аппараттың көмегімен дем алуда. Науқастың көптігінен оларға қарайтын дәрігер тапшы. Жұмыстың ауырлығына шыдамай қызметінен бас тартып жатқан ақ халаттылар да жетерлік.
Светлана Есенаманова, Ақтөбе облыстық ДСБ басшысының міндетін атқарушы:
- Тағы да бірнеше дәрігер сол жерге барудан бас тартты. Себебі, олар да адам. «Жұмыс істемейміз, жұмыс істей алмаймыз» - дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!