КТК ұсынады: 30 жыл өткенде табылған таспалар
Жоғалған таспалар табылды. КТК арнасы ерекше фильм ұсынады. Туынды 90-жылдардағы еліміздің тыныс-тіршілігі жайында. Әрі тоқырау жылдардағы шынайы кадрлар жинақталған. Журналистер түсірген ескі таспалар белгісіз жағдайда жоғалып кеткен болатын. Алайда арада отыз жыл өткенде қайта табылды.
Автор: Аруна Ортай
19.06.2020
Тоқсаныншы жылдары эфирге шыққан экслюзивті кадрлар. Экрандағы көрініс тоқырау жылдарын басынан өткерген әрбір азаматтың көзіне оттай басылары сөзсіз. Ол кезде шұжық 100, макарон 60, ал ұн небәрі 50 теңге тұрады. Ал кәмпит тек шектеулі мөлшерде сатылған. КТК жаңалықтары ол кезде ТНН деп аталатын. Сол кезде де тілшілеріміз халықтың жанайқайын жаңалықтардан еш бүкпесіз көрсетіп отырды.
Андрей Зубов, ТНН бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі:
- ТНН-нің бірінші бағдарламасы 1991-жылдың 6-мамырында эфирге шықты. Мен бұл күнді тәуелсіз тележурналистиканың басталған күні деп есептеймін. Эфирде тек екі адам жұмыс істеді – Игорь Денисов пен мен. Жап-жас едік. Келбетіміз жарасқан жігіттер едік.
Ақшаның ауысып жатқан сәтін де кадрлардан көре аласыз. Соңғы рубльдер нарықтан кетіп, теңгеге орын босатқан. Оқиғалардың көптігіне байланысты тілші жетіспей, журналистерді халық арасынан іздей бастаған. Сонда ең бірінші болып қыздардың арасынан эфирге Евгения Сакенова шыққан. Сол жылдардың атақты тележүрузішісі асханаға барып, содан телеарнадан бір-ақ шыққан.
Евгения Сакенова, ТНН бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі:
- Біз отырған үстелге келіп: «Журналист іздеп жүрміз, тілші болғың келмей ме?» деп сұрады. Сасқалақтап қалдым. Сосын қолыма газет беріп, «оқы» деді. Екі аптадан соң телеарнаға жұмысқа кірдім.
90-жылдары түсірілген кадрлер біреудің еріксіз сағынышын оятса, енді біреудің жастық шағын еске түсіруі мүмкін. Мәселен, Медеу Арынбаевтың сахнаға ең алғаш шығып жүрген сәті КТК бейнеқорында сақталып қалған.
Ендеше тоқсаншы жылдарды еске түсіріп, сағынышымды басамын десеңіз, ерекше фильмді өткізіп алмаңыз. КТК ұжымы дайындаған бір сағаттық кино 6-шілде күні телеарнамыздан көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!