{metadescription}
0:000:00
Коронавирус пен пневмония. Дәрі тапшылығы

Коронавирус пен пневмония. Дәрі тапшылығы

Коронавирус пен пневмония қатар ушыққан тұста елімізде дәрі тапшылығы сезіле бастады. Әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында қарапайым парацетамол мен аспирин жоқ. Қызуды түсіріп, қан айналымын жақсартатын бұл дәрілерді халық талап алып кеткен. Ал кей қалаларда бағасы қымбаттап кетіпті. Сондай-ақ соңғы күндері вирусқа қарсы препараттарға да сұраныс артқан. Мұны фармацевтер де аурудың өршіп кетуімен түсіндіруде. Тілшіміз дәріханаларды аралап қайтты.  

Алматыдағы кез келген дәріхананың іші ығы-жығы адамға толы. Басы ауырып балтыры сыздамаса да, тұрғындар вирусқа қарсы дәріні көптеп сатып алуға тырысып жатыр. Өйткені коронавируспен қосамжармаласып келген пневмония, суық тию сияқты аурулардан әркім үйінде отырып өз бетінше емделуге мәжбүр.

Қазір сырқаттанғанның бәрі жедел-жәрдем шақыртуға қорқады. Түшкірсе де дәріханаға жүгіретіндер көбейген. Содан болар Алматыдағы ірі дәріханалардың алдында адам көп. Дертіне дауа іздеп келгендердің кезегі де ұзын-сонар. Бірақ барлығы бірдей қажетті дәрісін таба алмай кері қайтуда. Өйткені мұнда қарапайым аспирин мен парацетамолдың өзі таусылып қалған.

Аспирин мен парацетамолдың жоқтығы қаладағы барлық дәріханаларда байқалады. Вирусқа қарсы дәрілер қоймаларда да қалмапты. Әсіресе көктем-күз айларында саудасы қызатын тұмаудың дәрілері жазда да тоқтамай өтіп жатыр. Тіпті соңғы күндері сұраныс еселеп артқан.

Бибігүл Жұмабекқызы, дәріхана меңгерушісі:  

- Аспиринді бұрын күніне 50-ін сатсақ, қазір 200-дей сатып жатырмыз. Ал парацетамол жоқ. Сатылып кетті. Бағасы бұрынғыдай. Өзгерген жоқ.

Нұр-Сұлтанда аспирин мен парацетамолдың бағасы қымбаттаған. Бұрын 50 теңгеден сатылған бұл дәрілердің үстіне 10-20 теңге қосылған. Бірақ оның өзін тапқан адам ғана алады. Өйткені мұнда да вирусқа қарсы дәрілерді жұрт талап алып кеткен.

Шымкентте бұл дәрілердің қоры жеткілікті екен. Бірақ тұрғындар тарапынан сұраныс артқан. Мәселен, күніне 40-50 қораптан сатылатын парацетамолдың қазір күніне 500 данасы өтеді. Бірақ баға сол қалпы дейді фармацевтер. Ал Алматы мен елордадағы дәріханаларға вирусқа қарсы дәрілер бір-екі күнде келеді деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде