{metadescription}
Атамбаев кінәсін мойындамай, соңғы сөзден бас тартты
Атамбаев кінәсін мойындамай, соңғы сөзден бас тартты

Атамбаев кінәсін мойындамай, соңғы сөзден бас тартты

Бүгін Бішкекте Қырғызстанның экс-президентіне қатысты үкім оқылды. Алмазбек Атамбаев енді  11 жыл бойы түрмеде отырады. Бұрынғы мемлекет басшысы қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты түрмеден заңсыз босатқаны үшін осындай жаза арқалап отыр. Алайда Атамбаев кінәсін мүлдем мойындаған жоқ.  Ол мұны өзіне жасалған саяси қастандық деп санайды. Тіпті сотта соңғы сөзін айтудан да бас тартты.

Қырғызстанды 6 жыл басқарған Алмасбек Атамбаевқа үкім шықты. Енді экс-президент өмірінің 11 жыл 2 айын темір торда өткізеді. Ол 2013 жылы қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты түрмеден заңсыз шығарды деп айыпталған. Яғни 16 жылға сотталған қылмыскер ауыр дертке ұшырады деп жалған анықтама жасап, жазадан босатып жіберген. Бостандыққа шыққан Батукаев басқа төлқұжатпен бірден шетел асып кеткен еді. Ал 2019 жылы бұл іс қайта көтеріліп, қылмыскердің түрмеден босауына ықпал еткен 19 адам жауапқа тартылды. Бірақ Алмазбек Атамбаев өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол мұны өзіне жасалған саяси қастандық деп санайды.  

Алмазбек Атамбаев, қырғызстанның экс-президенті (8-тамыз, 2019 жыл):

Батукаевтың барлық нәрсесін айтып берейін десем, болмайды ғой. Бұларға шындық керек жоқ. Бұларға Атамбаевты сындырып, қамап, өлтіру керек. Қалған елдің бәрі қой болады деп ойлайды. Ондай болмайды. Көпұлтты қырғыз елі қой емес. Біз сіздерге тізерлегенше, өлген артық.

Алмазбек Атамбаев былтыр 9-тамызда ұсталған. Оны сотқа әкелу үшін арнайы жасақ Қой-Таш ауылындағы үйіне басып кірген. Бірақ экс-президенттің 300-ге тарта жақтасы тәртіп сақшыларына тас атып, біразға дейін беріспеген. Қақтығыс кезінде 50 шақты адам жараланып, бір сарбаз қаза тапты. Екі күнге созылған атыс-шабыстан кейін бұрынғы президент өз еркімен берілуге мәжбүр болды.

Енді Алмазбек Атамбаев аталмыш қылмысы үшін де жауап береді. Яғни, жемқорлықтан бөлек, адам өлтіру, жаппай наразылық ұйымдастыру және кепілге адам алу бабымен іс қозғалған. Демек алдағы уақытта, 11 жылдың үстіне тағы да түрме жазасы қосылуы мүмкін. Алайда экс-президенттің адвокаттары «үкімге келіспейміз» дейді. Сондықтан апелляциялық алқаға жүгінбекші.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде