{metadescription}
Жемқорлықпен күрес туралы дәріс оқитын судья парамен сотталды – Түркістан
Жемқорлықпен күрес туралы дәріс оқитын судья парамен сотталды – Түркістан

Жемқорлықпен күрес туралы дәріс оқитын судья парамен сотталды – Түркістан

Түркістан қалалық соты облыстағы студенттерге жемқорлықтың қасіреті туралы лекция оқып жүрген облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясына үкім шығарды. Әшірбек Рахымбаев ірі көлемде пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

61 жастағы судьяға былтыр қыркүйек айында танысы хабарласып, қарақшылық бойынша сотталғалы жатқан туысына көмектесуін өтінеді. Ол кезде парақор болмаңдар деп шәкірт тәрбиелеп жүрген судья 4 миллион теңге сұраған. Кейіннен өз қызметін 3 миллионға дейін түсірген кезде бірден келіскен танысы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз түсіреді. Параны өз пәтерінде санап алып жатқан Әшірбек Рахымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп ұстаған. Енді 4 жылға сотталған экс-судья өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан да айрылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде