{metadescription}
0:000:00
Тоқаев коронавирус жайлы қауесетке сенетіндер көп деп қынжылды

Тоқаев коронавирус жайлы қауесетке сенетіндер көп деп қынжылды

Төтенше жағдай біткеннен кейін халық босаңсып кетті. Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің жаппай таралуына алаңдаушылық білдірді. «Біз біргеміз» онлайн форумында мемлекет басшысы елде әлі де коронавирус жайлы қауесетке сенетіндер көп деп қынжылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Төтенше жағдай режимі аяқталған соң, халқымыз босаңсып кетті, аурудың барына сенбейтіндер саны артты. Кейбір азаматтар, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер қауіптің беті сейілді деп ойлады. Біз қауіп-қатерді болжай алмадық. Медициналық талаптарды, ұсыныстарды орындамадық. COVID-19 әлі айтарлықтай қауіпті. Сондықтан Үкімет карантиндік шараларды күшейтті.

Президент қауіпті кеселден көз жұмғандардың отбасыларына көңіл айтты. Елімізде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 120-дан асқан. Аурухана керуеттері қос өкпенің қабынуына шалдыққандардан босамай жатыр. Президент бұл ушыққан жағдайды шешуге және медицина қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен толық қамтуға уәде етті. Сондай-ақ, ел астанасында коронавируспен күресуге атсалысқандардың құрметіне ескерткіш орнатылмақ. Бүгінгі онлайн форумда жаңа мемлекеттік марапат «Халық алғысы» сыйлығы дәрігер, полицей, волонтер, журналистер мен меценаттарға табысталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде