{metadescription}
Алматыда биіктен құлаған келіншек бұл қадамға...
Алматыда биіктен құлаған келіншек бұл қадамға...

Алматыда биіктен құлаған келіншек бұл қадамға...

Алматыда жас келіншек биіктен секіріп өлді. 21 қабатты үйдің 15-ші қабатынан құлаған келіншек жантүршігерлік қадамға өз еркімен барған. Өйткені оның өз-өзіне қол салған сәті бір емес, бірнеше бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға таңға жуық, жұрт шырт ұйқыда жатқанда болған. Ашық тұрған подъезге кірген әйел бастапқыда күзетшілердің күдігін тудыра қоймаған. Алайда арада 5-10 минут өтер-өтпей, гүрс еткен дауыс шыққан. Көпқабатты үйдің жан-жағына қойылған бейнекамералар көрсеткендей, келіншек 15-ші қабаттан өзі секіріп кетіпті. Денесі кіреберістің төбесіне, ал қолдары жұлынып жерге түскен. Марқұм небәрі 30 жаста болған. Орал қаласының тумасы. Әйелдің өз-өзін өлімге қию себебі тексеріліп жатыр.      

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Жүйке ауруына шалдыққан екен. Арнайы есепте тұрған. Болған оқиғаның толық мән-жайы, себеп-салдары тергеу кезінде анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.