{metadescription}
24-маусым: Коронавирус дес бермей барады, бір тәулікте 4 адам қайтыс болды
24-маусым: Коронавирус дес бермей барады, бір тәулікте 4 адам қайтыс болды

24-маусым: Коронавирус дес бермей барады, бір тәулікте 4 адам қайтыс болды

Коронавирус дес бермей барады. Эпидемиологиялық жағдай ушыққан Ақмола облысында екі бірдей қала қайтадан карантинге жабылады.  

Көкшетау және Степногор қалаларында бүгін сағат 20:00-де блок-бекеттер қойылып, шектеу шарасы күшейтіледі. Еліміздің бірқатар өңірлерінде балабақшалар мен қоғамдық орындар қайта жабылып жатыр. Ал коронавирус күшейгенде індет жұқтырған шенеуніктердің қатары көбейіп келеді.

Әлеуметтік желіде тараған әуесқой түсірілім Щучье қаласындағы соңғы жағдайдан хабар береді. Арнайы киім кигендер қорым басында марқұмды жерлеп жатыр. Қазір Ақмола облысында жағдай ушыққан. Бір тәулікте коронавирустан 4 адам қайтыс болды. Ал Көкшетау және Степногор қалалары қайтадан карантинге жабылып жатыр. Блок-бекеттер қойылып, қос қалада шектеулер  күшейтілген. Бекеттерден тек медициналық құрал-жабдық пен қала тұрмысына қажетті тауар артқан жүк көліктері ғана өте алады.

Айнагүл Мусина, Ақмола облысы тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

Көкшетауда коронавирус жұқтырғандар соңғы аптада 200-ден асып кетті. Степногорда да жағдай мәз емес. Бұған дейін санитарлық бекеттер қойып, жолаушылардың дене қызуын өлшеп, анкета толтырып келгенбіз. Бірақ ауру өршіп барады. Сондықтан қатаң режимге қайта көшіруге тура келді.

Карантиндік шаралар күшіне мінгенде қауіпті індет жұқтырған шенеуніктердің тізімі артып, олардың қатарына бүгін Қостанай облысыңың әкімі Архимед Мұхамбетов қосылды. Өзгелерден оқшауланған ол жұмысын қашықтан жалғастырады.

Ақтөбе облысында балабақшалар жаппай карантинге жабылды. Өйткені өңірде мектепке дейінгі мекеменің тоғыз қызметкерінен коронавирус табылған. Осыған дейін мұнда қаннен-қаперсіз жүрген бүлдіршіндер түгел тексеріліп жатыр.

Нұрсұлу Беркімбаева, Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері:

- Енді балабақшалардың жұмыскерлері ауырып қалмау үшін және балаларға да жұқпасын деп, сондай шешім қабылданды. Тоғыз адамның қасында қарым-қатынаста болған барлығы есепке алынды, медициналық бақылау жүргізіліп жатыр.  

Шымкентте де балабақшалардың қызметі тоқтатылды. Саябақ, жағалау мен туристік орындар секілді жұрт көп шоғырланатын орындарға баруға тыйым салынған. Демалыс күндері азық-түлік пен жалпы әмбебап базарлар, фитнес, сауна мен дәмханалар жабылады. Ал вирустың барына алғашында сенбеген қараша «сақтықты күшейттік» дейді.

Нұркелді Сәдуақас:

- Коронавирус дегенге жұрт сенбейтін еді. Бетперде тақпай жүрген. Соның кесірі шығар, коронавирустың саны артып кетті, көбейіп кетті. Базар, кафелер жабылып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысында да коронавирус қатты өршіген. Әсіресе, қауіпті вирустан ауырғандардың басым бөлігі – семейліктер. Олардың қатарында қала әкімінің орынбасары бар. Қазір науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған. Олармен байланыста болған адамдар эпидемиологиялық жағынан тексеріліп, ошақтарға дезинфекция жүргізілуде.

Найля Әлменова, Семей қаласы медициналық мәселелер бойынша жедел штабының өкілі:

- Өкінішке қарай, қосалқы аурудың асқынуынан бір адам өмірден өтті. Жұқпалы аурулар ауруханасында 66 адам ем алуда. Оның жетеуінің жағдайы ауырлап, жансақтау бөліміне көшірілді.

Елімізде бір тәулікте 534 адам коронавирустың құрығына ілігіпті. Дерті асқынған 7 науқас жан тапсырған. Сонымен елде дерт меңдегендердің қатары 19 мыңға жуықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде