{metadescription}
Ақтау маңындағы ауылға кірген арыстан жұрттың үрейін ұшырды
Ақтау маңындағы ауылға кірген арыстан жұрттың үрейін ұшырды

Ақтау маңындағы ауылға кірген арыстан жұрттың үрейін ұшырды

Маңғыстау облысында емін-еркін кезіп жүрген арыстан жұрттың үрейін ұшырды. Жыртқыш аң Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылына кіріп кеткен.

- Ауылда арыстан жүр, абайла, арыстан жүр, шықпа...

Ауылда қаншыр (арыстанның ұрғашысы – ред.) жүргенін таңсәріде бір тұрғын көріп, бірден полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары, көп ұзамай, аң патшайымын қолға түсірді. Олардың айтуынша, бұл африкалық арыстанның бір түрі екен. Шамамен бір жарым жаста. Тіпті өзі адамға бауыр басып қалған көрінеді. Сондықтан олар оны қолда өскен деп топшылап отыр. Енді полиция қаншырдың иесін іздестіруде. Ал мамандар тұқымы құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған аңды бақылауына алды. Ол еркіндікке жіберіле ме, әлде қолда бағыла ма, ол жағы әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде