Желіге тараған қоймадағы жасырын той туралы толығырақ...
Жақында желіге тараған мейрамханаға айналған қойманың қай жерде орналасқаны белгілі болды. Полицейлер жасырын тойға дайындалғандарды Қарағанды облысынан тапқан.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
26.06.2020
- Біздің мейрамхананың алдындағы машиналардықара, былай көлікпен кіресің, қысқасы...
Қойманың ішінде түсірілген кадрлерде қызу қарбаласты көресің. Қаз-қатар тізілген үстелдер мен төрдегі жас жұбайларға арналған төрде орын қонақ қабылдауға дайын. Тіпті олардың тізімі де кіреберістегі тақтаға ілінген. Бұл қойма Молодежный ауылында орналасқан екен. Алайда оның қожайыны тойдың өтпегенін айтып азар- безер болған. Інісінің қойманы той өткізуге жалға бергенін дер кезінде естіп, мерекені болдырмай тастапты-мыс. Сондықтан санитар дәрігерлер қойма қожайынына карантин режимін қатаң сақтауды ескертіп қана кеткен. Дегенмен кейін осы қоймадағы думан желіге тарап жатса, әңгіме басқаша боады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!