{metadescription}
Алаяқтық: Елордада 200-ге жуық әйел косметологтарға алданды
Алаяқтық: Елордада 200-ге жуық әйел косметологтарға алданды

Алаяқтық: Елордада 200-ге жуық әйел косметологтарға алданды

Косметологтардың көмегіне жүгінген елордалық 200-ге жуық қыз-келіншек сан соғып қалды. Ең сорақысы, медициналық орталық оларды несие алуға мәжбүрлеген. Банктен қомақты қаржы алған. Санаулы минутта сұлулықтың емес, алаяқтардың құрбаны болғанын қыз-келіншектер кеш түсініпті. Ал косметологиялық орталықтың иелері биыл карантинге жабылған күйі ізім-қайым жоқ. Бет-әлпетін әрлетпек болғандар енді қайтпек?  

Елордалық қыз-келіншектер «Сұлулық әлемді құтқарады» деген пайымды жақсы біледі. Косметологиялық қызметке жүгініп, бет-әлпетін әрлеумен де сол себепті айналысып жүр. Сұлулық салондарының бастапқыда «тегін қызметі» кейін бірнеше жылдық несие рәсімдеумен аяқталыпты. Мұндағылардың әрқайсысында банктен алынған қарыз көлемі әртүрлі. 

- Екі жылға «Альфа банкке» 369 мыңға кредитке отырғызды. Айына 15400 теңгеден төлеймін.

Алған ем-домның Айгүлге бірде-бір пайдасы болмапты. Керісінше, ерніне жара шыққан. Ал елде жарияланған карантин әйелдерге жығылғанға  жұдырық.

Айгүл Ермағамбетова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Ерніме ұшық шыға бастады. Содан келуге қорықтым. Ұшықты олар иммунитетімнің төмендігінен деді. Ертеңінде сол жара шықты, келе алмай қаламын. Айлап келе алмай, солай 6 ай келмедім. Алты айдан кейін карантин басталды. Карантиннен соң келіп едік, жоқ деді ғой.

Есілдің сол жағалауында орналасқан косметологиялық орталық қазір ашық. Бірақ ол жерден бұрынғы басшылықты таппайсыз. Барлық құрал-жабдығын жинап, қашып кеткен деседі. Бұл қыз-келіншектермен бірге, орталықтың бұрынғы қызметкерлері де неше айдан бері жалақы ала алмай жүрген көрінеді. Ашуға булыққан қыздар қара күшке мініп, косметологиялық орталыққа басып кірді. Ол бос әурешілік екенін білсе де, медициналық мекеменің жаңа иесімен сөйлесіп көрді. Жаңа жалға алушылар «еш қатысымыз жоқ» деп, басын ала қашты.

- Өздеріңіз білесіздер, мен сіздермен сөйлеспеймін. Бәрің мені камераға түсіресіңдер.  

Сандуғаш Байсадықова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Халықаралық іздеу жариялағандарына қарағанда, олар Қазақстанда емес сияқты. Шындап келгенде, мен ешқандай да косметологиялық қызметті алғым келмейді. Айнып қалдым. Бұл менің бет-әлпетім, сондықтан мен оны басқа біреулерге емдетуге сеніп тапсыра алмаймын. Толығымен келісімшартты бұзып, ақшамды қайтарып, мына төлеп жатқан несиені жабуды ойлап отырмын.

Алданған әйелдер адвокат жалдаған. Сотқа арыз бермекші. Заңгердің айтуынша, бұл алаяқтардың әрекеті.

Еркінбек Орынбаев, адвокат:

Алаяқтық ісінен 200-ге жуық адам зардап шегіп отыр. Бұл тек менің қарауымдағы адамдар. Өйткені күн сайын осы медициналық орталықтан желініп, заңсыз несие рәсімдегендер, еш қызмет алмаған адамдар қосылып жатыр. Қазір іс  Ішкі  істер министрлігінің қарауында.

Ішкі істер министрлігі салонның бұрынғы әкімшілеріне қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғапты. Халықаралық іздеу де жариялаған. Күдіктілер Ресейде бой тасалап жүрген көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде