Алматыда шектеу шаралары күшейтіледі
Алматыда да шектеу одан сайын күшейеді. Қалада маусымның 27-сі мен 29-ы аралығында сауда орталықтары, ірі базарлар мен қоғамдық тамақтану орындары жабылады. Шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдауға пәрмен берген.
Автор: Асқарбек Қазанғап
26.06.2020
Қоғамдық көліктер де осы екі күнде жұмысын тоқтатады. Мейрамханалар мен кафелердің тек даладағы бөлігі клиенттерге қызмет көрсете алады. Оның өзінде әлеуметтік қашықтық пен санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Шектеуге шекесінен қарайтындар анықталса, оларға, әрине, әкімшілік жаза қолданылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!