ДДҰ: Қазақстан COVID-19 тез өршіп жатқан елдердің тізіміне кірді
Ауру айылын жимай тұр. Қазақстан COVID-19 тез өршіп жатқан елдердің тізіміне кірді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері мәлімдеді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
26.06.2020
Олар: «Елдегі шектеу шараларын жеңілдетудің соңы коронавирустың қайта көбеюіне әкеліп соқты» -деген тоқтамға келді. Қазір әлемнің көптеген елдерінде індет ауыздықталмай тұр. Солардың қатарындағы Украина, Молдова, Әзірбайжан, Армения, Швеция секілді мемлекеттер кірген тізімде Қазақстан да бар. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері алаңдап отырғанын жеткізіп, тиісті шаралар қолдану қажет деген ұсынымдарын жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!