{metadescription}
Шымкентте науқастар мен дәрігерлер әкімнің сөзін жоққа шығарды
Шымкентте науқастар мен дәрігерлер әкімнің сөзін жоққа шығарды

Шымкентте науқастар мен дәрігерлер әкімнің сөзін жоққа шығарды

Шымкентте короновирус пен пневмония жұқтырғандарды қабылдайтын орын тапшы. Қала әкімі Мұрат Әйтенов: «Дабыл қағуға негіз жоқ, орын да, дәрі де жеткілікті» - деп, оңды-солды есеп беріп жатқанымен, науқастар мен дәрігерлер мүлдем басқаша айтады. Аузы-мұрнына шыға толған ауруханалар жедел жәрдем әкелген науқастардың көпшілігін қабылдай алмай жатыр.

Бұл кеше түнде түсірілген видео. Шымкенттегі жаңадан ашылған модульді жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткендер кіргізілмей жатыр. Себебі, мүлдем орын жоқ. Ауыр хәлде жеткізілгендердің туыстары жүйкесі тозып, дәрігерлермен айқасуға дейін барып жатыр.

- Қалай толы? Бес сағаттан бері тұрмыз мына жақта.

- 180 орындық аурухана, 200 науқас жатыр.

- Қазір сонда орын жоқ па?

- Жоқ, мүлдем жоқ.

- Мына жедел жәрдеммен келгендер не болады?

- Ертең сағат 11-12-де ауруханадан науқас шықса, соның орнына қабылдайды. Енді қайда жатқызамыз, айтыңызшы өзіңіз?

Жедел жәрдем көліктері үсті-үстіне келіп жатыр. Ал әкімнің «орын жеткілікті» деген сөзіне сенген жұрт енді дәрігерлерге өкпелі.

- Бірақ әкімдіктен айтылған, орын жетерлік, барлық адамға қосымша орын бар, қабылдаймыз, бізге адам қымбат деп айтылған ғой. Адам қымбатына қымбат қой. Бірақ адам қымбат мемлекет осылай  жасай ма?

Шымкенттегі жағдайдың қиындағаны сондай, ауруханалардың көпшілігінде орын жоқ. Күннен-күнге көбейіп жатқан коронавирусқа шалдыққандарға қоса, өкпе қабынуы мен ЖРВИ жұқтырғандардың саны жоғарылап барады. Әу баста шұғыл түрде ковидтің тырнағына ілінгендерге деп салынған 200 орындық аурухананың жартысын кеше амалсыз пневмония мен ЖРВИ жұқтырғандарға берген. Енді короновирус жұқтырғандарды тасыған жедел жәрдем кіре алмай, жүргізушілері мен көлік ішіндегі науқасқа дейін жарылуға шақ тұр.

- Бір жарым сағат болды алып жүргенімізге, ауруханалар қабылдамайды. Не істеуіміз керек? Мен мынамен бір жарым сағат болды жүргеніме. Мен ауырсам не болады?

- Бұл кісіде ковид инфекциясы бар ма?

- Расталған ковид.   

- Біресе инфекциялық ауруханаға апарады, біресе Атамекен, біресе мына жер. Мына әкелгені түрі осы.

- ПТР-тест расталған деп қашан шығарды?

- Таңертең сағат 10-да, мені стационарға жабу керек. Міне, не болып жатыр! Сонда жедел жәрдеммен әрі-бері сандалып жүруім керек пе?

Ал әріптестері күннен-күнге сиреп, күндіз-түні жұмыста жүрген дәрігерлер орын тапшы екенін жасырмайды. «Қолда бар төсек-орынға сиғанынша жатқызып жатырмыз» деген олар вирус бұлай көбейе берсе, қосымша орындар ұйымдастыру қажеттігін айтады.

Амангелді Нұрлыбаев, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

- Кейде орыннан қиналып жатқан кездеріміз бар. Бірақ бұған қарсы жұмыстың бәрі жүріп жатыр. Басқармамен барлық жұмыс жасап жатырмыз. Қызуы көтерілуіне байланысты, егер қатты көтерілетін болса енді басқа да орындар ашылуы керек деп санаймын.

Айлап үй бетін көрмей ауруханада науқастарды емдеп жатқан дәрігерлер  қауіптің беті қашан қайтарын айта алмайды. Әркім өзі сақтанып жүруі керек дейді. Қазір Шымкенттегі емдеу мекемелерінде 1260 адам өкпесі қабынған, не ЖРВИ-ге шалдыққан. Соңғы тәулікте содан 7 адам көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.