{metadescription}
Түркістан облысында элиталық көлікпен сайран салған студенттер жазаланды
Түркістан облысында элиталық көлікпен сайран салған студенттер жазаланды

Түркістан облысында элиталық көлікпен сайран салған студенттер жазаланды

Сау басына сақина тілеген. Түркістан облысында элиталық көлікпен жол үстінде ойқастаған бір топ студент жазасын алды.

Бірнеше көлікке жайғасқан жастар жол ережесін бұзғанын мақтанып телефонға түсіріп, оны әлеуметтік желіге таратқан.

Карантинде іші пысқан студенттер тобы Төле би ауданындағы тауға бармақшы болады. Көлікке отырған соң делебесі қозып, қиқулатып, жол үстінде ойнай бастайды. Біресе жыландай ирелеңдеп, біресе артқа қарай жүріп, өз өмірі мен өзгелерге де қауіп төндірген. Машиналарда тыйым салынған дыбыстық белгі қолданғанына өздері мәз. Сайран салғанын әлеуметтік желіге салған соң, басы бәлеге қалды. Екі көлікті полицейлер айып тұрағына әкетсе, қалғандары бірнеше әкімшілік баппен айыппұл төлейтін болды. Кешегі серілер бүгін кешірім де сұрады.

- Алғабас асуында ереже бұздым. Қыдырыста. Сол үшін кешірім сұраймын. Екінші рет қайталанбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде