{metadescription}
Елорда маңындағы қосшылықтар қолқаны қапқан кәріз суына малынды
Елорда маңындағы қосшылықтар қолқаны қапқан кәріз суына малынды

Елорда маңындағы қосшылықтар қолқаны қапқан кәріз суына малынды

Кәріз суын кешіп, нәжістің ортасында қалдық. Елорда маңындағы Қосшы ауылында тұрғындар екі күннен бері кәріз суына малынып отыр. Қолқаны қапқан иіс пен судан 17 пәтер зардап шеккен. Бүгін айқайға басқан жұрт базыналарын айтып, телеарнамызға шағымданды. Естір құлақ жоқ дейді олар.

Қосшы ауылындағы «Академия» тұрғын үй кешені тұрғындарының екі күннен бері мазасы қашқан. Пәтер іші толған су, иісі сасып, нәжістен мүңкіп тұр. Қарашаның сыртқа тасыған шелегінде есеп жоқ.

Кәріз қалдығына батқан үй саны 20 шақты. Тұрғындардың айтуынша, тізеге жеткен судан бүкіл дүние-мүлік  бүлінген. Коммуналдық қызмет көрсетушілер проблеманы шешуден қашыпты.

Мырзагүл Жананова, Қосшы ауылының тұрғыны:

- Таңғы 8-де су басты. Оянсам, үйдің іші толған су, деңгейі тізеге дейін көтерілді. Сасық, боқ-сідік болып жатты. Қарасақ, унитаздан, раковинадан су ағып жатты, быт-шыт болды. ПИК-ті шақырдық, олар кінәлі емеспіз деді.

Жағымсыз жайт ауылда бірнеше жылдан бері қайталанып келеді. Жарық өшеді, содан кәріз суын соратын құрылғы істен шығады. «Целиноград су арнасы» тұрғындар пәтерлерінде заңсыз тұрып жатыр дейді.

Елена Мұхамеджанова, «Целиноград су арнасы» мекемесінің филиал директоры:

- Көпқабатты үйдің астыңғы қабатында адам тұруға болмайды. Тіпті ол коммерциялық  мақсаттағы кеңсе болса да, сатып алған кезде міндетті түрде иелеріне «бөлмелерді су баспайтындай қорғаныс болатын кері клапандар қойылуы қажет» деп түсіндіру керек еді. Осындай форс-мажорлық жағдайдың алдын алатын едік.

Өкініштісі, құрылыс компаниясы көпқабатты үйді әлі құжат жүзінде пайдалануға бермепті. Сол себепті кәріз суына батқан үйдің мәселесі толық шешілмей отыр. Ал коммуналдық қызмет көрсетушілер «адамдыққа барып, көмектесіп жатырмыз» деп ақталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.