Дәріханалардағы дүрбелең: Кезек күткеніме бір сағаттан асты...
Дәріханаларда шеті жоқ кезек. Әсіресе Алматыдағы дәріханаларда дүрбелең. Дертіне дауа іздеген жұрт жаппай осында ағылуда.
Автор: Диас Нұрақын
29.06.2020
Әсіресе соңғы екі-үш күнде халық нөпірі еселеп көбейген. Вирусқа қарсы препарат іздеген жұрт қаладағы ірі дәріханаларды кезіп кетіпті. Тіпті қажетті дәрісін таба алмағандар орталық дәріханалардың алдында сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Өйткені коронавирус пен пневмонияның өршуіне байланысты қазір екінің бірі ауырып жатыр. Алайда ауруханада орын болмаған соң басы ауырып, балтыры сыздағандар үй жағдайында өз бетінше емделуге тырысуда. Бірақ ем-домға қажетті дәрі тапшы. Өткен аптада қарапайым аспирин мен парацетамол жоқ болса, енді ауырсынғанды басатын препараттар да таусылған.
- Кезек күтіп тұрғаныма бір сағаттан асты. Вирусқа қарсы дәрілер алайын деген едім. Басқа дәріханалардан таба алмадым. Сондықтан орталық дәріханаға келіп тұрмын. Бұл жерде бар ма, жоқ па, білмеймін. Әлі ішке кіре алмай тұрмын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!