{metadescription}
Пневмония: Ақтөбеде 27 науқастың жағдайы ауыр, екі аптада 47 адам көз жұмды
Пневмония: Ақтөбеде 27 науқастың жағдайы ауыр, екі аптада 47 адам көз жұмды

Пневмония: Ақтөбеде 27 науқастың жағдайы ауыр, екі аптада 47 адам көз жұмды

Ақтөбеде қос өкпесі қабынған жүкті келіншек қайтыс болды. Пневмониядан марқұм болғандар саны айналдырған екі аптаның ішінде 47 адамға жетті. Дәрігерлер тағы 27 науқастың жағдайы ауыр екенін айтады. Олардың 10-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Әсет Қалиев, Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі:

- Көбісі елуден асқан адамдар, егде жастағы алпыс және одан жоғары жастағы адамдар. Бірен-сараң адам бар одан жастау. Және бұл адамдарда тек қана пневмония емес, негізі бұл науқастардың басым көпшілігі басқа ауру-сырқаттарға байланысты диспансерлік есепте тұрған адамдар. Қант диабеті, жүректің қосалқы аурулары.

Қос өкпесі қабынып ауруханада мыңға жуық адам ем алып жатыр. Күн санап олардың саны да көбейіп келеді. Ал үйінен ем қабылдап жатқандардың нақты санын ешкім айта алмайды. Өйткені тұрғындардың өкпесі қабынбаса да, тұмаудан ыстығы көтеріліп, жөтел қысқандары жетерлік. Қазір Ақтөбедегі туберкулез диспансері толықтай пневмания дертімен ауыратындарға арнаған. «Шағала» шипажайы мен қаладағы жекеменшік қос клиника да пульмонология  бөліміне айналады.

Ал көршілес Маңғыстау облысында вирусты пневмония дендеп барады. Бұл жақта аталмыш дерттен 74 адам көз жұмды. Қазір 71 науқас жансақтау бөлімінде жатса, олардың он үшінінің хәлі тым ауыр. Дәрігерлер бір түнде өкпесі қабынған 150 адамды ауруханаға жатқызғанын айтады. Қазір науқас қабылдайтын орын болмағандықтан спорттық кешендерді де ауруханаға айналдырып жатыр. 

Ләззат Есенғалиева, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Облыстық ауруханадағы 15 адамға арналған жансақтау бөлімінде бос орын жоқ. Жүйке жүйесі ауратындарға арналған орталықтағы жансақтау бөлімі де толық. Сондықтан тенис орталығынан 150 науқасқа арнап провизорлық орталық ашатын боламыз. Ол жерде жансақтау бөлімі де болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.