{metadescription}
Алматы лицейінде шу шығып, комиссия құрылды  
Алматы лицейінде шу шығып, комиссия құрылды  

Алматы лицейінде шу шығып, комиссия құрылды  

«Ебін тапқан өтті, шын білімді шаң қапты». Алматыда №165 мамандандырылған лицейге түсуге емтихан тапсырған оқушылардың ата-аналары осылай шу шығарды. Олар іріктеудің әділ өткеніне күмән келтіріп отыр. Айтуларынша, төмен балл жинағандар қорытындыда жоғарғы ұпаймен өткен. Бұл жағдайға қатысты директор өз жауабын айтып ақталды. Қазір арнайы құрылған комиссия барлық емтихан тапсырған оқушылардың жұмысын қайта қарап жатыр.

Ашуға булыққан ата-аналар екіге бөлінген. Бірі емтиханның әділетсіз өткенін алға тартса, екіншілері сынақта іріктелген балаларының балл санын олардың кесірінен жоққа шығармауды қалайды. Даудың басы емтихан қорытындысы жарияланғанда басталды.

Ялкунжан Әбдіқадыров, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қабылданбаған балалардың арасында 0, 1, 2 нәтиже көрсеткен оқушылар болды. Емтиханды қайтатапсыру керек, сосын емтиханға сыртқы мұғалімдер тапсыруда сондай нәтиже көрсеткен балалар болды. Олар сосын біраз уақыттан кейін қабылданған балалардың арасында табылып қалды. РФММ немесе НЗМ мектептерінен.

№165 мамандандырылған лицей математикаға басымдық береді. Білімімен мыңды жығарларды жылда іріктейді. Биыл 700-дей оқушының арасынан 97-сі суырылып алға шыққан. Бірақ ол қорытынды көбінің көңіліне жақпады. Мектеп директоры емтихан қорытындысындағы үш тізімнің араласуын техникалық ақауға сілтейді.

Құралай Ошанова, Алматы қаласы №165 мамандандырылған лицей директоры:

- Бізден, әкімшілік жағынан қателік кетті. Техникалық қателік. Оған бала жауапты емес. Екінші жағынан, тізімге дұрыс енгізілмеген ата-аналардан да бүгін бірнеше өтініш түсіп жатыр. Бірақ, мен мұғалімдеріме сенемін. Бір ғана қате – жариялаған кезде бір файлдан қате кеткен.

Бір қателік біразын байбаламға салды. Бірсыпырасы емтихан қорытындысы «жоққа шықсын, қайта өткізілсін» дегенмен, олай болмайтынын директор қадап айтты. Қазір арнайы құрылған комиссия барлық жұмысты майшаммен қарауда. Егер де әділетсіз балл қолсылды, я қосылмады деген жайт анықталса, жеке шешім қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде